Philips FC6161 User Manual page 69

Hide thumbs Also See for FC6161:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жылдам босату
Шаң бөлімін төменде сипатталған жолмен жылдам босатуға болады.
1
Саптаманы шешетін түймені басып (1), алынатын саптаманы құралдан шешіп алыңыз
(2) (Cурет 14).
2
Шаң бөлімінің ішіндегісін қоқыс салатын шелек ішіне сілкіп түсіріңіз (Cурет 15).
3
Алдымен алынатын саптаманың астын тағып, содан кейін үстіңгі жағын орнына түскенше
(«сырт» етеді) шаңсорғышқа итеріп салыңыз. (Cурет 16)
Мұқият тазалау
Шаң бөлімін төменде сипатталған жолмен босатуға және мұқият тазалауға болады.
1
Құралды қоқыс салатын шелектің үстінен ұстап тұрып, шаң бөлімін ашатын түймені
басып (1), шығарыңыз (2) (Cурет 17).
2
Сүзгі бөлігін шаң бөлімінен алыңыз (Cурет 18).
3
Шаң бөлімінің ішіндегісін қоқыс салатын шелекке түсіру үшін, оны бос қолмен сілку
керек (Cурет 19).
4
Қажет болса, шаң бөлімін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
5
Қажет болса, сүзгі бөлігін тазалаңыз. Төмендегі «Сүзгі бөлігін тазалау» бөлімін қараңыз.
6
Сүзгі ұстағышын қайтадан шаң бөліміне салыңыз.
7
Шаң бөлімін құралға қайтадан орнату үшін, оның тесіктерін құралдың шығыңқы бөлігіне
келтіріңіз. Алдымен алынатын саптаманың астын тағып (1), содан кейін үстіңгі жағын
орнына түскенше («сырт» етеді) шаңсорғышқа итеріп салыңыз (2). (Cурет 20)
Сүзгі бөлігін тазалау
Сүзгі бөлігін уақытымен тазалап тұру керек.
Жылдам тазалау
Сүзгі бөлігін төменде сипатталған жолмен жылдам тазалауға болады.
1
Құралды қоқыс салатын шелектің үстінен ұстап тұрып, шаң бөлімін ашатын түймені
басып (1), шығарыңыз (2) (Cурет 17).
2
Сүзгі ұстағышының ішіндегі дірілдеу механизмін бірнеше рет бұраңыз. (Cурет 21)
, Дірілдеу механизмі ішкі сүзгідегі шаңды босатады.
3
Шаң бөлімін құралға қайтадан орнату үшін, оның тесіктерін құралдың шығыңқы бөлігіне
келтіріңіз. Алдымен алынатын саптаманың астын тағып (1), содан кейін үстіңгі жағын
орнына түскенше («сырт» етеді) шаңсорғышқа итеріп салыңыз (2). (Cурет 20)
Мұқият тазалау
Сүзгі бөлігін төменде сипатталған жолмен мұқият тазалауға болады.
1
Құралды қоқыс салатын шелектің үстінен ұстап тұрып, шаң бөлімін ашатын түймені
басып (1), шығарыңыз (2) (Cурет 17).
2
Сүзгі бөлігін шаң бөлімінен алыңыз (Cурет 18).
3
Сыртқы сүзгіні сағат тілі бағытымен бұрап (1), ұстағышынан шығарып алыңыз (2) (Cурет 22).
4
Ішкі сүзгіні сағат тілімен бұрап (1), ұстағышынан шығарып алыңыз (2) (Cурет 23).
5
Егер ішкі және сыртқы сүзгі кір болса, онда оларды щеткамен немесе әдеттегі
шаңсорғышпен тазаласаңыз болады.
ҚазаҚша
69

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents