Philips FC6161 User Manual page 67

Hide thumbs Also See for FC6161:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Пайдалануға дайындау
Батареяларды зарядтау
Батареяларды толығымен зарядтау үшін шамамен 7 сағат керек.
1
Зарядтау қондырғысының адаптерін розеткаға қосыңыз.
2
Тасымалы шаңсорғышты сапқа орнатыңыз («сырт» етеді) (Cурет 5).
Ескертпе Сапқа орнатқанда, тасымалы шаңсорғыш өшіп тұруы керек.
3
Құралды зарядтау қондырғысына қойыңыз (Cурет 6).
, Заряд жарығы жанып құралдың зарядталып жатқанын білдіреді. (Cурет 7)
Ескертпе Зарядталып жатқанын білдіретін жарық батареяның зарядталу деңгейі туралы
ақпаратты бермейді.
, Батареялар толығымен зарядталғанда, зарядтау тоқтап, қуатты үнемдеу мақсатында заряд
жарығы сөнеді.
Ескертпе Батареялар зарядталып болғанда, құралды зарядтау қондырғысында қалдыруға
болады. 5 минут сайын заряд жарығы 3 секундқа жанып отырады. Бұл зарядтау қондырғысы
батареялардың заряды толық екенін тексеріп жатқанын білдіреді.
Ескертпе Құралды өшіп тұрған зарядтау қондырғысына қойса, құрал 2 секундтан кейін
автоматты түрде өшеді, ал батареялар зарядталмайды.
Қуатты үнемдеу
Құрал ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, қуатты үнемдеу үшін адаптерді розеткадан
шығарыңыз.
Құралды пайдалану
Бұл сымсыз сапты шаңсорғыштың қуатын толық мөлшерлі стандартты шаңсорғышпен
салыстыруға болмайды. Оның жұмсақ беттерді тазалау сапасы стандартты шаңсорғышпен
бірдей болмаса да, қатты беттерді жақсы тазалайды.
Сапты пайдалану
Сапты еденді және кілемдерді тазалау үшін қолдануға болады.
Тасымалы шаңсорғышты зақымдамау үшін, сап бөлігін қолданғанда, шаң бөлімінің
салынғанын тексеріңіз.
1
Тасымалы шаңсорғышты сапқа дұрыстап орнатыңыз («сырт» етеді). (Cурет 5)
2
Құралды қосу үшін, саптағы қосу/өшіру түймесін басыңыз (Cурет 8).
, Құрал қалыпты жылдамдықпен жұмыс істей бастайды. Оңтайлы жұмыс уақыты және ең
аз шу деңгейі қажет болса, осы жылдамдықты пайдаланыңыз. Бұл жылдамдықтағы жұмыс
уақыты 20 минуттан асады.
-
Құралдың ең жоғары жылдамдығын қосу үшін, MAX (ең жоғарғы) түймесін басыңыз. Керекті
түрде тазалау үшін, осы жылдамдықты пайдаланыңыз. Бұл жылдамдықтағы жұмыс уақыты
— 11 минут (Cурет 9).
-
Қайтадан қалыпты жылдамдыққа ауысу үшін, MAX (ең жоғарғы) түймесін қайта басыңыз.
Ескертпе Жұмыс барысында айналатын щеткаға қоқыс жиналғанын көрсетіп, «щеткаға қоқыс
жиналған» қызыл жарығы жыпылықтауы мүмкін. Мұндай жағдайда, қоқысты алып тастау
немесе щетканы тазалау керек («Тазалау» тарауын қараңыз).
ҚазаҚша
67

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents