Philips FC6161 User Manual page 66

Hide thumbs Also See for FC6161:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
66
ҚазаҚша
-
Шаңсорғышты, зарядтау қондырғысын, адаптерді суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз
және ағын судың астында жумаңыз.
абайлаңыз
-
Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті розетканың кернеуіне
сәйкес келетінін тексеріңіз.
-
Зақымданған шаңсорғышты, зарядтау қондырғысын және адаптерді қолдануға болмайды.
-
Қауіпті жағдай туғызбау үшін, зақымданған адаптерді немесе зарядтау қондырғысын тек
түпнұсқалы түрімен ауыстырыңыз.
-
Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның орнына басқа штепсельдік ұш
жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті жағдай туғызады.
-
Құралды қауіпсіз түрде пайдалану жөнінде нұсқау алған, біреудің қадағалауымен қауіпсіз
пайдаланған жағдайда және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген
жағдайда, осы құралды 8 жасқа толған және одан үлкен балалар, сондай-ақ мүмкіндігі мен
ойлау қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
-
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
-
Балалар шаң бөлімін босату, сүзгіні тазалау және құралдың өзін тазалау жұмыстарын тек
ересек адамның қадағалауымен жасауы керек.
Ескерту
-
Зарядтау қондырғысын тазаламас бұрын, адаптерді қабырғадағы розеткадан ажыратыңыз.
-
Шаңсорғышты тек қосымша берілген адаптермен және зарядтау қондырғысымен зарядтау
керек. Зарядталып жатқанда, адаптер сәл қызады. Бұл — әдеттегі құбылыс.
-
Қолданып болғаннан кейін құралды өшіріп қойыңыз.
-
Кернеуі төмен болғандықтан, зарядтау қондырғысындағы түйіспе жолақтары қауіпті емес.
-
Шаңды сорғызып жатқанда, пайдаланылған ауаны шығаратын тесіктерді жаппаңыз.
-
Зарядтағанда, құралды өшіріп қойыңыз.
-
Шаң сорғышты сүзгі бөлігімен ғана қолданыңыз.
-
Шу деңгейі: Lc = 84 дБ (A).
Электрмагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
алғаш қолданар алдында
1
Құралдың сыртындағы қорғауыш фольганы немесе пластикті алып тастаңыз.
2
Зарядтау қондырғысының артына артқы тіректі бекітіңіз («сырт» етеді) (Cурет 2).
Ескертпе Мұны тек бір рет істеу керек. Артқы тіректі зарядтау қондырғысынан шешпеңіз.
Ескертпе Артқы тірек қамтамасыз ететін қосымша тұрақтылық қажет болмаса, артқы
тіректі орнатпаса да болады.
Кеңес Тұрақтылықты арттыру үшін, зарядтау қондырғысын қабырғаға да орнатуға болады.
Ол үшін берілген бұранданы артқы тіректегі тесіктен шығарып, қабырғаға бекітіңіз.
3
Саптың жоғарғы бөлігін төменгі бөлігіне салыңыз («сырт» етеді) (Cурет 3).
Ескертпе Мұны тек бір рет істеу керек. Жоғарғы сапты төменгі саптан шығармаңыз.
4
Бұранданы бұрауыштың немесе тиынның көмегімен бекітіңіз.
5
Сапты еден саптамасына салыңыз («сырт» етеді) (Cурет 4).

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents