Функциялар - Electrolux ESL 6552RO User Manual

Hide thumbs Also See for ESL 6552RO:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
24 www.electrolux.com
5. ФУНКЦИЯЛАР
Параметрлерді бағдарламаны
бастамай тұрып іске қосыңыз немесе
сөндіріңіз. Параметрлерді
бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
қосу немесе сөндіру мүмкін емес.
Егер бір немесе бірнеше
параметрлер орнатылса, тиісті
индикаторлардың бағдарламаларды
бастамай тұрып қосылғанына көз
жеткізіңіз.
5.1 MyFavourite
Осы функцияның көмегімен жиі
пайдаланылатын бағдарламалар мен
функцияларды орнатып және жадыға сақтап
қоя аласыз.
Multitab және Delay функцияларын жадыда
сақтау мүмкін емес.
Жадыға бір уақытта 1 бағдарламаны
ғана сақтауға болады. Жаңа
параметр алдыңғы параметрді
өшіреді.
Бағдарламаны жадыда қалай сақтау керек
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Бағдарламаны және жадыда сақтағыңыз
келген параметрлерді орнатыңыз.
3. MyFavourite түймешігін тиісті
индикатордың шамы тұрақты жанғанша
басып ұстап тұрыңыз.
MyFavourite бағдарламасын қалай орнату
керек
1. MyFavourite түймешігін басыңыз.
• Тиісті индикатор жанады.
• Бейнебетте бағдарламаның нөмірі
және ұзақтығы көрсетіледі.
• Параметр индикаторлары жанады.
5.2 TimeSaver
Бұл параметр судың қысымын көбейтеді,
нәтижесінде бағдарламаның ұзақтығы
шамамен 50% пайызға қысқарады.
Жуу нәтижесі бағдарлама ұзақтығы қалыпты
кездегідей болу үшін, судың температурасы
артады. Бұл пайдаланылатын қуат мөлшерін
көбейтеді.
Қысқарақ кептіру циклын пайдаланған кезде
де кептіру нәтижесі төмендейді.
TimeSaver функциясын іске қосу
1. TimeSaver түймешігін басыңыз.
• Егер бұл параметр бағдарламада
жұмыс істесе, тиісті индикатор жанады.
Бейнебетте бағдарлама ұзақтығының
мәні жаңартылып көрсетіледі.
• Егер бұл параметр бағдарламада
жұмыс істемесе, тиісті индикатор 3 рет
жылдам жыпылықтайды да, содан кейін
сөнеді.
5.3 Multitab
Бұл параметрді аралас жуғыш таблеткаларды
қолданғанда ғана іске қосыңыз.
Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай
тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөніп тұрады.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын қалай іске қосуға болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Multitab түймешігін басыңыз, тиісті
индикатор жанады.
Параметр сөндіргенше қосулы тұрады.
Multitab түймешігін басыңыз, тиісті индикатор
сөнеді.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен
ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар
алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
және ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
5.4 EnergySaver
Бұл параметр соңғы шаю циклының
температурасы мен кептіру циклының
ұзақтығын азайтады.
Осы функцияны пайдаланған кезде қуат
мөлшері (25% пайызға дейін) азайып,
бағдарламаның уақыты қысқарады.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents