Bosch GWS 6-100 Original Instructions Manual page 151

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
OBJ_BUCH-161-007.book Page 151 Thursday, August 22, 2013 3:50 PM
 Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды
құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс
пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
 Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
 Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Bosch Power Tools
Бұрыштық тегістеу машиналарын
пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
техникасы
Тегістеу, егеуқұм қағазымен тегістеу, сымды
щеткалармен жұмыс жасау және тегістеу
шеңберін пайдаланудағы жалпы қауіпсіздік
ережелері
 Бұл электр құралы тегістеу машинасы ретінде,
егеуқұм қағазымен, сымды щеткамен жұмыс
істеуге және тегістеу-кесу машинасы ретінде
пайдалануға арналған. Құрылғымен бірге алған
барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын,
ескертпелерді, суреттер мен деректерді сақтаңыз.
Төмендегі нұсқаулықтарды орындамау тоқ соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін.
 Бұл электр құралы жылтыратуға арналмаған.
Электр құралын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті және жарақаттар тудыруы мүмкін.
 Осы электр құралына арналмаған және
өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды
пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту
мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз етеді.
 Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген
айналымдар саны кемінде электр құралында
белгіленген максималды айналымдар санына
сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам
айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
 Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және
қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес
болуы керек. Өлшемдері қате анықталған салынған
бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан
шығуы мүмкін.
 Ирек оймалы тесіктері бар тегістеу шеңберлері
тегістеу шпинделінің ирек оймасына дәл келуі
келек. Фланец көмегімен орнатылған құралдарды
пайдаланғанда құрал тесігінің диаметрі фланец
диаметріне сәйкес келуі керек. Электр құралда
дұрыс тұрмаған жұмыс құралдары соғылып айналады,
қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі
мүмкін.
 Бұзылған алмалы-салмалы аспапты
пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы,
тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында
сынықтар және жарықтар, тегістеу тәрелкелерінде
сынықтар, өтпес болып қалу және қатты тозу бар-
жоғын, сымды щеткаларда бекітілмеген және
сынған сымдар бар-жоғын тексеріңіз. Электр
құралын немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп
алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған
алмалы-салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-
салмалы аспапты тексеріп пайдалану кезінде
өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын
алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде
тұрғанында ғана электр құралын бір минут ішінде
Қазақша | 151
1 609 92A 0EK | (22.8.13)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents