Ariston ABSE VLS PRO INOX PW 30 Assembly And Operation Instructions Manual page 33

Hide thumbs Also See for ABSE VLS PRO INOX PW 30:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 51
HOT WATER LEVEL (ЫСТЫҚ СУ ДЕҢГЕЙІ) (8a суретінде көрсетілген интерфейсі
бар модельдер)
Дисплейдің шеткі жақтарындағы индикаторлар (8a суреті, 2) төрт сегменттік шкалада су
қыздырғыштың ішіндегі ыстық су деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.
Температура орнатылып жатқанда, пайдаланушыға орнатылған деңгейді көзбен тексеруге
мүмкіндік беру үшін индикаторлар жанады.
Қыздыру кезеңінде индикаторлар орнатылған температураға жеткенше біртіндеп жанып, өнім
ішіндегі ыстық су температурасының артуын көрсетеді.
ECO ФУНКЦИЯСЫ (8a суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер)
«ECO» функциясы дегеніміз — пайдаланушының тұтыну деңгейлерін автоматты түрде «үйреніп
алып», қызудың тарап кетуін барынша азайтып, қуаттың үнемделуін барынша арттыратын
бағдарламалық құрал. «ECO» бағдарламалық құралы үшін бір аптаға созылатын бастапқы жадтау
кезеңі қажет, сол кезде өнім орнатылған температурада жұмыс істей бастайды. Осы «үйрену»
аптасы аяқталғаннан кейін, бағдарламалық құрал суды қыздыру деңгейін пайдаланушының
іс жүзіндегі қажеттіліктеріне реттейді, құрылғы оларды автоматты түрде анықтайды. Өнім су
пайдаланылмаған кезде де минималды ыстық су қорының болуын қамтамасыз етеді. Ыстық
су қажеттіліктеріне қатысты үйрену процесі бірінші аптадан кейін де жалғасады. Төрт апта
үйренгеннен кейін, процесс толық тиімділігіне жетеді.
Функцияларды іске қосу үшін «ECO» түймесін басыңыз, ол жанады. Бұл режимде температураны
әлі де қолмен таңдауға болады, бірақ оның мәні реттелсе, ECO функциясы өшеді. Бұл функцияны
«ECO» түймесін басу арқылы өшіруге болады, сол кезде ол сөнеді. Оны қайта іске қосу үшін
«ECO» түймесін қайтадан басыңыз. «ECO» функциясы немесе өнімнің өзі өшіріліп, қайта
қосылған кезде, функция тұтыну деңгейлерін үйреніп отырады.
Бағдарламаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өнімді розеткадан ағытпау керек.
Ішкі жад деректердің токсыз ең көбі 4 сағат сақталуын қамтамасыз етеді. Осы уақыт өткеннен
кейін, жиналған барлық деректер жойылып, үйрену процесі басынан басталады. Жиналған
деректерді әдейі жою үшін «ECO» түймесін 3 секундтан астам басып тұрыңыз. Бастапқы қалпына
келтіру процесі аяқталғаннан кейін, деректердің жойылуын растау үшін «ECO» түймесі жылдам
жыпылықтап тұрады.
ECO ФУНКЦИЯСЫ (8b суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер)
«ECO» функциясы дегеніміз — пайдаланушының тұтыну деңгейлерін автоматты түрде «үйреніп
алып», қызудың тарап кетуін барынша азайтып, қуаттың үнемделуін барынша арттыратын
бағдарламалық құрал. «ECO» бағдарламалық құралы үшін бір аптаға созылатын бастапқы жадтау
кезеңі қажет, сол кезде өнім орнатылған температурада жұмыс істей бастайды. Осы «үйрену»
аптасы аяқталғаннан кейін, бағдарламалық құрал суды қыздыру деңгейін пайдаланушының
іс жүзіндегі қажеттіліктеріне реттейді, құрылғы оларды автоматты түрде анықтайды. Өнім су
пайдаланылмаған кезде де минималды ыстық су қорының болуын қамтамасыз етеді. Ыстық
су қажеттіліктеріне қатысты үйрену процесі бірінші аптадан кейін де жалғасады. Төрт апта
үйренгеннен кейін, процесс толық тиімділігіне жетеді.
Функцияны іске қосу үшін «
» «
» түймелерін бір уақытта 3 секунд басып тұрыңыз; дисплейде
«E1» жазуы көрсетіледі. Бұл режимде температураны әлі де қолмен таңдауға болады, бірақ оның
мәні реттелсе, ECO функциясы өшеді. Бұл функцияны «
» «
» түймелерін бір уақытта 3 секунд
басып тұру арқылы өшіруге болады; дисплейде «E0» жазуы көрсетіледі. Функцияны қайта іске қосу
үшін «
» «
» түймелерін бір уақытта 3 секунд басып тұрыңыз; дисплейде «E1» жазуы көрсетіледі.
«ECO» функциясы немесе өнімнің өзі өшіріліп, қайта қосылған кезде, функция тұтыну деңгейлерін
үйреніп отырады.
Бағдарламаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өнімді розеткадан ағытпау керек. Ішкі
жад деректердің токсыз ең көбі 4 сағат сақталуын қамтамасыз етеді. Осы уақыт өткеннен кейін,
жиналған барлық деректер жойылып, үйрену процесі басынан басталады. Жиналған деректерді
әдейі жою үшін «
» «
» түймелерін бір уақытта 3 секунд басып тұрыңыз. Бастапқы қалпына
келтіру процесі аяқталғаннан кейін, деректердің жойылуын растау үшін дисплейде «E-» жазуы
көрсетіледі.
27 / KZ

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents