Ariston ABSE VLS PRO INOX PW 30 Assembly And Operation Instructions Manual page 28

Hide thumbs Also See for ABSE VLS PRO INOX PW 30:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 51
- Электр разряд: құрылғыны кернеудің кенет өзгеруінен қорғалмаған электр қуат көздеріне
тікелей орнатуға болмайды.
Кірпіштен немесе тесіктері бар блоктардан қаланған қабырғалар, шектеулі статикалық заряды
болатын бөлме қабырғалары немесе осылардан белгілі бір түрде басқаша болатын қабырғалар
болған жағдайда, ұстап тұратын жүйеде статикалық зарядтың бар-жоғын алдын ала тексеру
қажет. Қабырғаға бекітетін ілмектер су толған су қыздырғыштың салмағынан үш есе салмақты
көтеретін болып жобаланған болуы тиіс.
Диаметрі кемінде 12 мм бекіткіш ілмектерді қолданған жөн (3-сурет).
Құбырлардың бойымен жоғалатын жылуды барынша азайту үшін құрылғыны (1-сурет, A)
жеткізу жеріне мүмкіндігінше жақын орнатуға кеңес береміз. Жергілікті ережелер бойынша
жуыну бөлмелеріне орнатуға шектеу қойылуы мүмкін; заң талап еткен минималды орнату
қашықтықтарын ұстаныңыз. Техникалық қызмет көрсетуді жеңілдету үшін электр жабдыққа қол
жеткізу мақсатында корпус ішінде кемінде 50 см аралық қалдыру қажет.
Бірнеше позицияға орнату
Өнімді тігінен немесе көлденеңінен орнатуға болады (2-сурет). Көлденеңінен орнату үшін оны
сағат тілі бағытымен су құбырлары сол жақта тұратындай етіп бұраңыз (суық су құбыры астыда
тұрады). Суретте көрсетілгеннен басқа кез келген орнату түрі (2-сурет) дұрыс емес және оған
тыйым салынады.
СУДЫ ЖАЛҒАУ
Су қыздырғыштың жалғанатын кіріс және шығыс құбырлары немесе фитингілері 90°C-тан асатын
температураға және жұмыс қысымынан жоғары қысымға шыдайтын болуы тиіс. Сондықтан
осындай жоғары температураларға төзбейтін қандай да бір материалдарды қолданбауға кеңес
береміз.
Құрылғыға қаттылығы 12°F кем немесе аса қатты суды (25°F артық) құюға болмайды; тиісті түрде
калибрленген және бақыланатын су жұмсартқышын орнатуды ұсынамыз - қалдық қаттылықты
15°F шамасынан төмендетпеңіз.
Мойны көгілдір кіріс су құбырына үшайыр жалғаңыз. Үшайырдың бір жағына құралмен ғана
ашылатын, құрылғыдағы суды ағызуға арналған шүмек орнатыңыз (2-сурет, B).
Үшайырдың екінші жағына жинақтағы сақтандырғыш клапанды жалғаңыз (2-сурет, A).
Сақтандырғыш EN 1487 Еуропа стандартына сәйкес келеді
Кейбір елдерде арнайы сақтандырғыш құралдардың қолданылуы талап етілуі мүмкін; орнатушы
қолданылатын сақтандырғыш құралдың үйлесімділігін тексеруі тиіс.
Сақтандырғыш құрал мен қыздырғыш арасында жапқыш құрал (клапан, кран, т.б.) орнатпаңыз.
Құрылғының ағызу шығысы диаметрі кемінде шығыстың диаметріне тең ағызу құбырына
жалғануы тиіс, арасына көзбен тексеру үшін кемінде 20 мм аралығы бар кеңауыз орнатылуы тиіс.
Сақтандырғышты суық су желісіне түтікпен жалғаңыз; қажет болса, кран орнатыңыз (2-сурет, D).
Оған қоса ағызу шүмегі ашылған кезде шығыста (2-сурет, C) су ағызу түтігі болуы тиіс.
Сақтандырғыш құралды орнатқан кезде, оны толығымен қатайтпаңыз, сондай-ақ оның
параметрлерін өзгертпеңіз.
Ағызу құбырын жалғау керек, ол әрдайым сыртқа шығып тұруы және мұз қатпайтын жерде төмен
қисайтылып орнатылуы тиіс. Желідегі қысым калибрленген клапандағы қысыммен байланысты
болмаса, құрылғыдан алыс жерге қысым редукторын орнату керек болады. Араластырғыштарға
(шүмек немесе душ) зақым келмеуі үшін құбырдағы бөгде заттардың бәрін ағызып жіберу керек.
23 / KZ

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents