Download Print this page

Stihl RMA 253 Instruction Manual page 327

Hide thumbs Also See for RMA 253:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 23
25 Көгалшапқышқа арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
жеңіл сандал киіп пайдалануға болмайды.
Бос киімді немесе жіптері не баулары
асылып тұрған киімді киюге болмайды.
b) Машина пайдаланылатын алаңды
тексеріп шығыңыз және машинамен
ұсталып қалуы және лақтырылуы мүмкін
барлық бөгде заттарды кетіріңіз.
c) Пайдаланбас бұрын әрдайым кескіш
пышақтар, бекіткіш болттар және бүкіл
кескіш блоктың тозғанын немесе
зақымдалғанын қарап шығыңыз.
Теңгерімсіздіктің алдын алу үшін тозған
немесе зақымдалған кескіш пышақтар мен
бекіткіш болттарды тек тізбек бойынша
батыруға болады. Тозған немесе
зақымдалған нұсқау тақтайшаларын
алмастыру қажет.
25.4
Қолдану
a) Тек күндізгі жарықта және жақсы жасанды
жарықтандыру бар кезде шабыңыз.
b) Мүмкін болса, құрылғыны ылғал шөпте
пайдаланбаған жөн.
c) Әрқашан еңіс жерлердегі қалпыңызды
бақылаңыз.
d) Машинаны тек қадамдық жылдамдықпен
қозғалтыңыз.
e) Әрдайым еңіс бойымен шабыңыз, еңіспен
көтерілуге немесе түсуге болмайды.
Еңіс жерлерде қозғалыс бағытын
f)
өзгерткенде әсіресе сақ болыңыз.
g) Аса шұғыл еңіс жерлерде шабуға
болмайды.
h) Көгалшапқышты бұрғанда немесе өзіңізге
қарай тартқанда әсіресе сақ болыңыз.
i)
Көгалшапқышты шөптен басқа беттердің
үстінен төңкеру қажет болғанда және
көгалшапқыш шабыс ауданынан және
оған қарай жылжығанда, кескіш пышақты
(пышақтарды) ұстап тұрыңыз.
Қорғаныш құрылғылары немесе қорғаныш
j)
торы зақымдалған немесе қорғаныш
құрылғылары, мысалы, қалқалар және/
немесе шөп жинағыш құрылғылар
орнатылмаған көгалшапқышты еш
жағдайда пайдаланбаңыз.
k) Стартер ажыратқышын өндірушінің
нұсқауларына сәйкес, мұқият іске қосыңыз
немесе басқарыңыз. Аяғыңыз кескіш
пышақтан (пышақтардан) әрқашан
жеткілікті қашықтықта болуын
қадағалаңыз.
0478-131-9862-C
l)
Қозғалтқышты іске қосқан немесе
оталдырған кезде көгалшапқыш процесс
барысында көтерілуі тиіс болмаса, оны
төңкеруге болмайды. Бұл жағдайда оны
тек қажеттілікке сәйкес дәрежеге
төңкеріңіз және тек пайдаланушыдан
қайырылған жағынан көтеріңіз.
m) Қозғалтқышты лақтырма науасының
алдында тұрып іске қоспаңыз.
n) Ешқашан айналмалы бөліктердің үстіне
немесе астына қол не аяқты салмаңыз.
Лақтырманың тесігінен әрқашан алшақ
тұрыңыз.
o) Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған
көгалшапқышты ешқашан көтермеңіз
немесе тасымалдамаңыз.
p) Қозғалтқышты өшіріп, стартер кілтін
суырып алыңыз. Барлық жылжымалы
бөліктер толық тоқтағанына көз жеткізіңіз:
– көгалшапқышты әр қалдырған сайын;
– лақтырманың науасындағы бұғаттауды
босату немесе бітелген жерлерін
тазалау алдында;
– көгалшапқышты тексермес, тазаламас
немесе көгалшапқышпен жұмыстар
өткізбес бұрын;
– бөгде зат кездескенде. Көгалшапқышты
қайтадан іске қосу және
көгалшапқышпен жұмыс істеу алдында
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз
және қажетті жөндеу жұмыстарын
орындаңыз.
Көгалшапқыш әдеттегіден қатты дірілдей
бастаса, оны дереу тексеру қажет болады.
– зақымдарды іздеңіз;
– зақымдалған бөліктерге қажетті жөндеу
жұмыстарын өткізіңіз;
– барлық гайкалар, болттар мен
бұрандалар берік тартылғанына көз
жеткізіңіз.
25.5
Техникалық қызмет көрсету
және сақтау
a) Барлық гайкалар, болттар мен
бұрандалар берік тартылғанына және
құрылғы қауіпсіз жұмыс күйінде болғанына
көз жеткізіңіз.
b) Шөп жинағышта тозған немесе
функционалдылығынан айырылған
жерлердің бар-жоғын жиі тексеріп
тұрыңыз.
c) Қауіпсіздік тұрғысынан тозған немесе
зақымдалған бөліктерді ауыстырыңыз.
қазақ
327

Advertisement

loading