Ariston ABS VLS EVO POWER 30 Instructions For Installation, Use, Maintenance page 31

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 34
Жүйелі техникалық қызмет көрсету
Қыздыру элементінің (6-сурет, R) дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін (6-сурет, R) шамамен екі
жыл сайын оны қақтан тазартып тұру керек (су өте қатты болса, жиілікті арттыру керек).
Қақтан тазарту үшін арнайы сұйықтықтарды қолданғыңыз келмесе, қыздыру элементін зақым келтіріп
алмай, қақты жайлап қырып алыңыз.
Магнийден жасалған анодтарды (N 6-сурет) екі жыл сайын ауыстыру керек (қайнатқышы тот баспайтын
болаттан жасалған құрылғыларда олай істелмейді); дегенмен су коррозивті немесе оның құрамында
хлор көп болса, анодты жыл сайын тексеріп тұру керек. Оларды ауыстыру үшін қыздыру элементтерін
шешіп алып, қапсырмалардан бұрап босатыңыз.
Айналып өту құбырын (X 5-сурет) бітеліп қалған жағдайда тексеру керек. Оны тексеру үшін екі сақинаны
шешіп алыңыз (W 5-сурет).
Күнделікті немесе кезектен тыс техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін, кез келген
қалдық заттарды кетіру үшін құрылғы багін суға толтырып, толығымен ағызыңыз. Өндірушінің
өкілетті қызмет орталықтарынан алынған түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Сақтандырғыш клапан
Артық қысым құралы бітеліп қалмағанын немесе зақымдалмағанын жүйелі тексеріп тұрыңыз; солай
болса, қақты кетіріңіз немесе оны ауыстырыңыз.
Құрылғының иінтірегі немесе тұтқасы болса, оны мына мақсатта қолданыңыз:
- қажет болса, құрылғыдағы суды ағызыңыз;
- оның жұмысын арасында тексеріп тұрыңыз.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛАРЫ
Пайдаланушыға арналған кеңес
- Су тамған жағдайда зақымдалуы мүмкін кез келген заттарды және/немесе құрылғыларды су қызды-
рғыштың астына қоймаңыз.
- Суды ұзақ уақыт қолданбайтын болсаңыз, төмендегілерді істеңіз:
• сыртқы ажыратқышты «OFF» (Өшіру) қалпына қою арқылы құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз;
• су желісінің шүмектерін жабыңыз.
- Шүмектен аққан температурасы 50°C-тан жоғары ыстық су қатты күйіп қалуға немесе тіпті мерт бо-
луға себеп болуы мүмкін. Балалардың, кемтар адамдардың және жасы үлкен адамдардың күйіп қалу
қаупі жоғарырақ болады. Пайдаланушыға кез келген күнделікті немесе кезектен тыс техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын атқаруға қатаң тыйым салынады.
Сыртқы бөлшектерді сабынды суға малынған, дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Температураны реттеу және функцияларды іске қосу
Өнім әдепкі мәні бойынша 70°C-қа орнатылады. Ток өшіп қалған жағдайда немесе құрылғы
«FAST/ » тұтқасымен (8-сурет, A) өшірілген кезде, өлшенген ең соңғы температура
дисплейде сақталады.
«FAST/ » тұтқасын (8-сурет, A) басып, құрылғыны қосыңыз не өшіріңіз.
«FAST/
» тұтқасын (8-сурет, A) бұрап, су температурасын қалаған деңгейге орнатыңыз;
дисплей орнатылған температура мәнін бірнеше секунд көрсетіп тұрады да, одан кейін
қайтадан өлшенген температура көрсетіледі. Қыздыру кезеңінде дисплей өлшенген
температураны көрсетеді және «HEAT» ЖШД (8-сурет, B) жанады.
«FAST» ФУНКЦИЯСЫ
«FAST» функциясы құрылғыға максималды қуатпен жұмыс істеп, суды қыздыруға кететін
уақытты азайтуға мүмкіндік береді.
Функцияны іске қосу үшін «FAST/
(8-сурет, D) жанады. Функцияны өшіру үшін «FAST/ » тұтқасын 3 секунд басып тұрыңыз;
«FAST» ЖШД сөнеді.
» тұтқасын 3 секунд басып тұрыңыз; «FAST» ЖШД
31 / KZ

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents