Bosch Professional GSB 162-2 RE Original Instructions Manual page 112

Hide thumbs Also See for Professional GSB 162-2 RE:
Table of Contents

Advertisement

112 | Қaзақша
Бұрғы патронын орнату (G суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғы патронын орнату кері әдісте
орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 53–61 Нм бекіту
моментімен бекемдеуге болады.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Айналу бағытын орнату (H–I суреттерін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 3 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 5 басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғыдау және бұрандларды бұрап кіргізу
үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 3 солға
жылжытыңыз.
Солға айналдыру: бұрандаларды және сомындарды
босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 3 оңға жылжытыңыз.
Пайдалану түрін орнату
Бұрғылау және бұрап кіргізу
Ауыстырып-қосқышты 2 „Бұрғылау" белгісіне
жылжытыңыз.
Перфоратормен жұмыс істеу
Ауыстырып-қосқышты 2 „Перфораторлық
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш 2 тіреліп жұмыс істеп тұрған
қозғалтқыш ретінде де қолданылуы мүмкін.
2 609 932 882 | (3.6.14)
Берілістің механикалы таңдалуы
 Беріліс ауыстырып-қосқышынын 8 тоқтауда
немесе жұмыс істеп тұрған электр құралында
қозғалту мүмкін. Бірақ оны толық жүктелу немесе
максималды айналымдар санында қылу мүмкін
емес.
Беріліс ауыстырып-қосқышынында 8 2 айналымдар
сандарының көлемін таңдау мүмкін.
Беріліс I:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау
диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу
үшін.
Беріліс II:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 5 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 5 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 4 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 5 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 4 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 5 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Қорғауыш жалғастырғыш
Жоғары реакциялық моменттерді
шектеу үшін электр құрал артық
жүктеме ажыратқышымен (анти-
ротациялық) жабдықталған.
 Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында
пайда болатын күштер себебінен электр құралын
екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
 Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті 5 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын
біртіндеп реттеуге болады.
Қосқыш/өшіргішке 5 жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents