Bosch Professional GSB 162-2 RE Original Instructions Manual page 111

Hide thumbs Also See for Professional GSB 162-2 RE:
Table of Contents

Advertisement

Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы-
салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен
пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс
барысындағы діріл қуатын арттырады.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер" де
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2014/30/EU,
2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамала-
рына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін және
төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз:
EN 60745-1, EN 60745-2-1.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Executive Vice President
Engineering
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
05.05.2014
Жинау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосымша тұтқа (А суретін қараңыз)
 Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 10 менен
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны 10 12 күйге жылжытып бекем және
шаршатпайтын жұмыс күйінде орнатыңыз.
Қосымша тұтқаның 10 төмендегі бөлігін  бұрау
бағытында бұрап, қосымша тұтқаны 10 керекті күйге
қайыруға болатындай етіп алға жылжытыңыз. Сосын
қосышма тұтқаны 10 қайта кері тартып төмендегі бөлігін 
бағытында қайта бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін орнату
Тереңдікті шектеу тірегімен 7 қажетті бұрғылау
тереңдігін X реттеу мүмкін.
Тереңдікті шектеу тірегінің 9 қалақты бұрандасын басып
бұрап тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға 10
орнатыңыз.
Bosch Power Tools
Helmut Heinzelmann
Head of Product Certification
PT/ETM9
Тереңдікті шектеу тірегін бұрғы ұшымен тереңдікті шектеу
тірегі ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең
болғанынша тартыңыз.
Тереңдікті шектеу тірегінің 9 қалақты бұрандасын берік
бекітіңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
 Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты
қызып кетуі мүмкін.
Тісті тәждік бұрғы патроны автоматты құлыптаумен
(D суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғылау патронын 1 аспап орнатылғаныша
бұраңыз. Аспапты орнатыңыз.
Бұрғылау патроны кілтін 12 тісті тәждік бұрғылау
патронының 1 тиісті ойықтарына орнатып аспапты
бекітіңіз.
Тісті тәждік бұрғы патроны қолмен құлыптаумен
(E суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғылау патронын 16 аспап орнатылғанша
бұраңыз. Аспапты орнатыңыз.
Бұрғылау патроны кілтін 15 тісті тәждік бұрғылау
патронының 16 тиісті ойықтарына орнатып аспапты бір
қалыпты бекітіңіз.
Алты қырлы бұрғы патроны кілтімен 15 эксцентрікті 
бұрау бағытында тірелгенше бұраңыз. Осылай тарту қуаты
қамтамасыз етіледі.
Алмалы-салмалы аспапты алу үшін эксцентрікті  бұрау
бағытында бұрап тісті тәждік бұрғы патронын 16 бұрғы
патроны кілтімен 15 ашыңыз.
Бұрап бекіту құралдары
Қондырма биталарды 13 пайдаланғанда әрқашан әмбебап
ұстағышты 14 пайдаланыңыз. Тек шуруп басына
жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұранда кіргізу үшін „Бұрғылау/перфораторлық
бұрғылау" ауыстырып-қосқышын 2 „Бұрғылау" белгісіне
жылжытыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Бұрғы патронын шешу (F суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғы патронын 1 шешу үшін айыр тәрізді
кілтті 17 (кілт ені 17 мм) жүріс винтінің кілттік аймағына
орнатыңыз.
Электр құралын тұрақты негізге, мысалы верстакқа
қойыңыз. Бұрғы патронының кілтін 12 тісті тәждік бұрғы
патронының 1 үш тесігінің біріне салып тісті тәждік бұрғы
патронын 1 осы тұтқамен  бағытында бұрап босатыңыз.
Қатты орнатылған тісті тәждік бұрғы патронын бұрғы
патроны кілтіне 12 жай қағып босатуға болады. Бұрғы
патронының кілтін 12 тісті тәждік бұрғы патронынан
шығарып, тісті тәждік бұрғы патронын толық бұрап
шығарыңыз.
Қaзақша | 111
2 609 932 882 | (3.6.14)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents