LG PB56 Series Owner's Manual page 71

Lg pb56 series plasma tv owner's manual
Hide thumbs Also See for PB56 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
Теледидарды көтеру және жылжыту
Теледидарды жылжытқанда немесе көтергенде,
теледидарды сырылу және зақымнан қорғап,
түріне және көлеміне қарамастан қауіпсіз түрде
тасымалдау үшін, төмендегі ақпаратты оқыңыз.
ЕСКЕРТУ
y Әрқашан экранға тиюді болдырмаңыз, өйткені
бұл экранның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
y Теледидарды зауытта салынған қорабында
немесе орамында тасымалдаған жөн.
y Теледидарды жылжыту немесе көтеру үшін,
алдымен қуат сымын және барлық кабельдерді
ажырату керек.
y Теледидарды ұстағанда, зақымды болдырмау
үшін экран сізге қарамай тұруы керек.
y Теледидар жақтауының жоғарғы жағы мен түбін
жақсылап ұстаңыз. Мөлдір бөлікті, динамикті
немесе динамик торының аймағын ұстамаңыз.
y Үлкен теледидарды кемінде 2 адам тасымалдауы
керек.
y Теледидарды қолмен тасымалдағанда, төмендегі
суретте көрсетілгендей ұстау керек.
y Тасымалдағанда, теледидарды қатты шайқамаңыз.
y Тасымалдағанда, теледидарды тігінен ұстаңыз.
Жанына жатқызбаңыз және сол немесе оң
жағына қарай еңкейтпеңіз.
y Жақтау шассиін иетін/майыстыратындай шамадан тыс
күш салмаңыз, себебі бұл экранды зақымдауы мүмкін.
ЖИНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ
Үстелге орнату
1 Теледидарды көтеріп, үстелге тігінен қойыңыз.
- Тиісті түрде желдету үшін, қабырғадан 10
cм (ең азы) бос орын қалдырыңыз.
10 см
2 Қуат сымын қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
ЕСКЕРТУ
y Теледидарды жылу көзінің жанына немесе
үстіне қоймаңыз. Өрт шығуы немесе басқа
зақым орын алуы мүмкін.
Теледидарды қабырғаға бекіту
(Бұл функция барлық үлгілер үшін мүмкін емес.)
1 Сақиналы болттарды немесе теледидардың
артқы жағындағы кронштейндер мен болттарды
кіргізіп, тартыңыз.
- Сақиналы болттардың орнында басқа
болттар болса, алдымен соларды шығарып
алыңыз.
2 Қабырға кронштейндерін болттармен қабырғаға
бекітіңіз.
Теледидар артындағы қабырға кронштейні мен
сақиналы болттардың орнын сәйкестендіріңіз.
3 Сақиналы болттарды және қабырға кронштейндерін
мықты баумен тартып байлап қойыңыз.
Бауды тегіс бетке көлденеңінен ұстаңыз.
13

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents