Арнайы Жуу Циклдары Мен Опциялары - Hotpoint Ariston LTF 11M121 Operating Instructions Manual

Hotpoint ltf 11m121 dishwasher operating instructions
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Арнайы жуу циклдары
мен опциялары
Ескертпелер:
«Жылдам» және «Тез 30'» циклдарын қолданған кезде,
оңтайлы нәтижеге ыдыс-аяқтың белгіленген мөлшерін
жуу арқылы қол жеткізуге болады.
Тұтынуды одан әрі азайту үшін ыдыс жуу машинасын тек
толтырып жұмыс істетіңіз.
С ы н а қ зе рт х а н а л а р ы н а а р н а л ғ а н ес к е рт п е :
салыстырмалы EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі
мекенжайға электрондық хат жіберіңіз: ASSISTENZA_EN_
LVS@indesitcompany.com
Жуу опциялары
Опция таңдалған жуу циклына сәйкес келмесе (Жуу
циклдарының кестесін қараңыз), тиісті жарық диоды
3 рет жылдам жыпылықтайды және сигнал беріледі.
Кешіктіріп бастау (Delay Start)
Ж у у ц и к л ы н ы ң б а с т а л у ы н 1 – 1 2 с а ғ а т
аралығындағы уақытқа кешіктіруге болады.
1. КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз: тиісті таңба
дисплейде көрсетіледі; түймені басқан сайын, таңдалған
жуу циклына басталуына дейінгі уақыт (1 сағ., 2 сағ., с.с.
ең көбі 12 сағ.) өсіп отырады.
2. Циклды таңдап, есікті жабыңыз: таймер кері санағын
бастайды;
3. Уақыт аяқталғаннан кейін, индикатор шамы өшеді де,
жуу циклы басталады.
Кешіктіру уақытын реттеу және азырақ уақыт мерзімін
таңдау үшін КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз. Оны
доғару үшін, таңдалған кешіктіріп бастау индикатор шамы
сөнгенше, түймені қайта-қайта басыңыз. Есік жабылар-
жабылмас, жуу циклы автоматты түрде басталады.
Қысқа уақыт опциясы (Short time)
Жу у ж ә н е к е п т і ру ө н і м д і л і г і н і ң д е ң ге й і н
төмендетпей, негізгі жуу циклдарының мерзімін азайту
үшін осы опцияны қолдануға болады.
Бұл опция таңдалған кезде Қысқа уақыт түймесін басыңыз.
Опцияны таңдаудан шығару үшін дәл сол түймені тағы
бір рет басыңыз.
Қосымша кептіру (Extra Dry)
Ыдыс-аяқтың кебу деңгейін жақсарту үшін
ҚОСЫМША КЕПТІРУ түймесін басыңыз; таңба жанады.
Қайтадан басылса, опциядан бас тартылады.
Соңғы шаю кезіндегі жоғарырақ температура мен ұзағырақ
кептіру кезеңі кебу деңгейін жақсартады.
ҚОСЫМША КЕПТІРУ опциясы жуу циклының
мерзімін ұзартады.
Бірнеше функциясы бар таблеткалар
(таблеткалар-Tabs)
Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін оңтайландырады.
Бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолданған кезде,
БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР түймесін
басыңыз; тиісті таңба жанады. Түйме қайтадан басылса,
опциядан бас тартылады.
«Бірнеше функциясы бар таблеткалар» опциясы
жуу циклының мерзімін ұзартады.
Таблеткаларды тек осы опциясы бар үлгілерде
қолданған жөн және бірнеше функциясы бар
таблеткалардың қолданылуы көрсетілмеген жуу
циклдарымен қолдану дұрыс емес.
Бөліп жуу (Zone Wash)
Бұл опция жуу циклын тек таңдалған тартпада
орындауға мүмкіндік береді. Жуу циклын таңдап, ZONE
WASH түймесін басыңыз: таңдалған тартпа жанады да,
жуу циклы тек таңдалған тартпада басталады. Опцияны
алып тастау үшін түймені қайтадан басыңыз.
Бұл опцияны төмендегі жуу циклдарында қолдануға
болады: Қарқынды және қалыпты.
ULTRAINTENSIVE ZONE функциясын іске қосу үшін
БӨЛІП ЖУУ опциясын және Қарқынды циклды таңдаңыз.
Бұл жуу циклы кастрөлдер мен табалар, тамақ жабысып
қалған табақтар немесе тазалануы қиын ыдыс-аяқ (үккіш,
көкөніс кескіш, кірленген ас құралдары) сияқты қатты
ластанған заттар үшін қолайлы. Шашырату қысымы мен
жуу температурасы жоғарырақ болады, соның арқасында
кетпей қоятын дақтарды оңтайлы өңдеу қамтамасыз
етіледі.
SAVING ZONE функциясын іске қосу үшін БӨЛІП ЖУУ
опциясын және Қалыпты циклды таңдаңыз. Бұл функция
тұтынылатын қуат көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Цикл
ұзақтығы өзгеруі мүмкін.
Ыдыс-аяқты тек таңдалған тартпаға с алуды
ұмытпаңыз.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
KZ
*
41

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents