Download Print this page

Whirlpool WFC 3C33 F X Daily Reference Manual page 52

Hide thumbs Also See for WFC 3C33 F X:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ОПЦИЯЛАР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
ОПЦИЯЛАРДЫ тиісті түймені басу арқылы тікелей таңдауға болады (БАСҚАРУ ПАНЕЛІН қараңыз).
Егер опция таңдалған бағдарламаға сәйкес келмесе БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСН қараңыз, тиісті ЖДШ 3 рет
тез жыпылықтайды да, дыбыстық белгі естіледі. Опция қосылмайды.
МУЛЬТИЗОУН
Жуылатын ыдыстар көп болмаса, қолданылатын суды,
электр энергиясын жəне тазалау құралын үнемдеу үшін
жартылай жүктеуге болады.
Бағдарламаны таңдап, МУЛЬТИЗОУН түймесін басыңыз:
түйменің үстіндегі индикатор жанады жəне таңдалған
сөренің белгісі дисплейде көрсетіледі. Әдепкі бойынша
құрылғы барлық сөрелердегі ыдыстарды жуады.
Тек қана белгілі сөрені жуу үшін, бұл түймені қайталап
басыңыз:
дисплейде көрсетіледі (тек төменгі сөре)
дисплейде көрсетіледі (тек жоғарғы сөре)
дисплейде көрсетіледі (тек ас ішетін саймандар сөресі)
дисплейде көрсетіледі (опция ӨШІРІЛЕДІ жəне құрылғы
барлық сөрелердегі ыдыстарды жуады).
Тек қана жоғарғы немесе төменгі сөрені жүктеуді
және сәйкесінше тазалау құралының мөлшерін
азайтуды есте сақтаңыз.
Егер үстіңгі сөре алынып тасталған болса, жуғыш
құралды жуғыш құрал салатын суырмаға салмай,
тікелей жәшікке салыңыз.
ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ
МУЛЬТИЗОУН түймесін ұзақ уақытқа басу (3 секунд)
ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ функциясын іске қосады. ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ
функциясы ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінен басқа басқару
тақтасын құлыптайды. ПЕРНЕ ҚҰЛПЫН өшіру үшін ұзақ
уақытта қайтадан басыңыз.
СУ КРАНЫ ЖАБЫҚ — сигнал
Кіріс су болмаған кезде немесе су краны жабық болмаған
кезде жыпылықтайды..
ТАЗАЛАП ШАЮ
Бұл опция ыдысты санитар тазалау үшін пайдалануға
болады.
Б ұ л т а ң д а ғ а н б а ғ д а рл а м а ү ш і н с о ң ғ ы ш а ю
температурасын көбейтеді жəне бактерияға қарсы
жуғыш құралын қосады.
Жуу бағдарламасын таңдаңыз, ТАЗАЛАП ШАЮ
түймесін басыңыз; индикатор шамы жанады. Опцияны
өшіру үшін сол түймені қайтадан басыңыз. Ыдыстар
мен бөтелкелерді шаю үшін тамаша. Ыдыс жуғыш
машинаның есігі бактерлиялардың азайтылуына
кепілдеме беру үшін бағдарлама қосылып тұрған кезде
жабық болу керек. Есік ашылса, индикатор шамы
жыпылықтай бастайды.
ЕСКЕРТУ: ыдыстар мен тәрелкелер айналымның
соңында қатты ыстық болуы мүмкін.
4
ТАБЛЕТКА (Таб)
Бұл параметр қолданылған тазалау құралының түріне
байланысты бағдарламаның өнімділігін оңтайландыруға
мүмкіндік береді.
ТАБЛЕТКА пішіміндегі (1 мөлшердегі шаю құралы, тұз
жəне тазалау құралы) біріктірілген тазалау құралдарын
қолданатын болсаңыз, ТАЗАЛАП ШАЮ түймесін 3
секундқа (жанады сəйкес белгі жанады).
Ұнтақты немесе сұйық тазалау құралын қолданатын
болсаңыз, бұл опция өшіріледі.
КЕШІКТІРУ
Бағдарламаның басы 0:30 жəне 24 сағат аралығындағы
мерзімге кешіктірілуі мүмкін.
1. Бағдарламаны жəне кез келген қалаған опцияны
таңдаңыз. Бағдарламаның басталуын кешіктіру үшін
КЕШІКТІРУ түймесін (қайталап) басыңыз. 0:30 - 24
сағат аралығына орнатыла алады. Түймешікті əр
басқан сайын кешіктіріп бастау келесідей арттырылады:
таңдау 4 сағаттан төмен болса - 0:30, таңдау
12 сағаттан төмен болса - 1:00, таңдау 12 сағаттан
жоғары болса - 4 сағат. 24 сағатқа қол жеткізілген кезде,
түйме басылады, кешіктіріп бастау ажыратылады.
2. БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін басыңыз: таймер кері
есепті бастайды;
3. Осы уақыт аяқталған кезде, индикатор шамы сөнеді
жəне бағдарлама автоматты түрде басталады.
БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесі кері есеп кезінде қайтадан
басылатын болса, КЕШІКТІРУ опциясынан бас тартылып,
таңдалған бағдарлама автоматты түрде басталады.
КЕШІКТІРУ функциясын бағдарлама басталған соң
орнату мүмкін емес.
ТАЗАЛАУ
Белсенді айналымды тоқтату жəне өшіру үшін, ТАЗАЛАУ
функциясын пайдалануға болады.
БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін ұзақ уақытқа басу ТАЗАЛАУ
фунциясын іске қосады. Белсенді бағдарлама тоқтатылады
жəне ыдыс жуғыш машинадағы су ағызылады.
NaturalDry
NaturalDry күнделікті арнайы кептіруді қамтамасыз ету үшін
кептіру барысында/кептіруден кейін есікті автоматты түрде
ашатын конвективтік кептіру жүйесі болып табылады. Есік
ас үй жиһазыңызға қауіп келтірмейтіндей температурада
ашылады, осылайша ТАЗАЛАП ШАЮ опциясы қосулы тұрса,
есік ашылмайды.
Қосымша, будан қорғаныс ретінде, арнайы қорғаныс пленкасы
ыдыс-аяқ жуғышымен бірге қосылады (үлгі түріне байланысты
сатып алу қажет болуы мүмкін). Қорғаныс пленканы бекіту
жолын білу үшін (ОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ) бөлімін қараңыз.
Төменде берілген жолымен NaturalDry функциясын ажыратуға
болады:
• ӨШІРУ үшін: Алдымен машинаны қосып, содан кейін қайта
өшіріңіз. P батырмасын 5 секунд басып тұрыңыз, 5 секунд өткен
соң ыдыс жуғыш машина қысқадыбыстық белгі береді. Машинаны
қосыңыз, дисплейде „oOF" көрсетіледі.
• ҚОСУ үшін: Алдымен машинаны қосып, содан кейін қайта өшіріңіз.
P батырмасын 5 секунд басып тұрыңыз, 5 секунд өткен соң ыдыс
жуғыш машина қысқадыбыстық белгі береді. Машинаны қосыңыз,
дисплейде „oOn" көрсетіледі.

Advertisement

loading
Need help?

Need help?

Do you have a question about the WFC 3C33 F X and is the answer not in the manual?