J:6 Жұмыс режимі: Байлауыш сымдарын екі
жағынан дыбыс естілгенше ішке басыңыз.
Стакандар мен байлауыш сымдары жұмыс
режимінде тасығыш шетін баспайтынын
тексеріңіз, себебі бұл құлаққаптың шуды
төмендету мүмкіндігін азайтуы мүмкін.
J:7 Желдету режимі: Құрылғыны жұмыс
режимінен желдету режиміне ауыстыру үшін
дыбыс естілгенше құлаққаптарды сыртқа
тартыңыз. Қақпақтарды тасығышқа (J:8)
қарсы қоймаңыз, себебі бұл желдетуге
кедергі келтіреді.
8. ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
8.1. ҚУАТТЫ ON/OFF ҚОСУ/ӨШІРУ
Гарнитураны қосу немесе өшіру үшін On/Off/Mode
түймесін шамамен 4 секунд бойы дауыс хабары
естілгенше басып тұрыңыз.
8.2. АВТОМАТТЫ ҚУАТТЫ ӨШІРУ
Егер 2 сағат (әдепкі мән) ішінде ешқандай әрекет
болмаса (түйме басу немесе VOX функциясын
іске қосу сияқты), гарнитура автоматты түрде
өшеді. Құлаққап өшпес бұрын дауысты хабар мен
ескерту сигналы естіледі. Қуатты автоматты түрде
өшіру функциясын тоқтату үшін, кез келген түймені
басыңыз.
8.3. ГАРНИТУРА КОНФИГУРАЦИЯСЫ
(F:1 - F:2 кестесі)
Кейбір гарнитуралар белгілі бір конфигурациямен
алдын ала бағдарламаланған күйде келеді (F
кестелерін қараңыз). Гарнитура конфигурациясына
қатысты кез келген сұрағыңыз болса,
сертификатталған рацияның дилерімен немесе
3M техникалық қолдау көрсету қызметімен
хабарласыңыз:
• Радиотолқын жиіліктері/арналары
• Дауысты нұсқаулық тілі
• Мәзір конфигурациясы
• Қуатты басқару параметрлері
• Рация параметрлері
8.4. ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІН РЕТТЕУ
Дыбыс деңгейін реттеу үшін [+] және [–] түймелерін
қолданыңыз. Әдепкі бойынша, [+] және [–]
түймелері төмендегі кез келген белсенді дыбыс
көзінің дыбыс деңгейін басқарады: Рация, Bluetooth
байланысы немесе айналадағы дыбысты тыңдау.
Рация сигналын қабылдаған кезде, [+] және [–]
түймелері рацияның дыбыс деңгейін басқарады.
Bluetooth жалғанған болса, [+] және [–] түймелері
Bluetooth дыбыс ойнату функциясын басқарады.
Барлық басқа жағдайларда, [+] және [–] түймелері
айналадағы дыбыстың деңгейін басқарады. Тиісті
дыбыс деңгейлерін мәзірде де реттеуге болады.
8.5. БЕТПЕ-БЕТ БАЙЛАНЫСУ (PUSH-
TO-LISTEN, ТЫҢДАУ ҮШІН БАСУ)
Айналаны / қоршаған ортаны есту микрофондарын
өшірулі немесе төменгі күйден On/Off/Mode
түймесін екі рет басу арқылы белсендіруге болады.
«Тыңдау үшін басу» мүмкіндігі сізге өз ортаңызды
Bluetooth дыбыс деңгейін өшіру және дыбыс
деңгейіне тәуелді микрофондарын белсендіру
арқылы тез арада тыңдауға мүмкіндік береді.
«Тыңдау үшін басу» мүмкіндігін өшіру үшін, кез
келген түймені басыңыз.
8.6. РАЦИЯ БАЙЛАНЫСЫ
(L суреті)
Мәзірді пайдаланып, тиісті рация арнасын
таңдаңыз. Рация арқылы хабар жіберу үшін, PTT
(«Сөйлесу үшін басу») түймесін басып тұрыңыз.
Егер VOX іске қосылса, жіберілетін хабарды
микрофонға айтыңыз.
Дилер хабарды жіберудің максималды уақытын
орната алады.
Әдепкі максималды тарату уақыты – 3 минут.
VOX функциясын іске қосу немесе ажырату үшін,
PTT түймесін екі рет басыңыз.
Шуды басу тиімділігін сақтау үшін, сөйлеу
микрофонын аузыңызға жақын ұстаңыз (3 мм
немесе 1/8 дюймнен аз). L:1 және L:2 суреттерін
қараңыз.
8.7. ЖАЛҒАНҒАН СЫРТҚЫ РАДИО
АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫСУ
(Р суреті)
Сыртқы байланыс радиоңыз қосымша порт (P:10)
арқылы жалғануы керек.
Хабар жіберу үшін, рациядағы немесе сыртқы
PTT адаптеріндегі PTT түймесін пайдаланыңыз.
8.8. АНАЛОГТЫҚ РАЦИЯ
(G және H кестесі)
Аналогтық рация технологиясында гарнитураның
ретранслятор жүйесінде байланысқа қосыла
алатынын тексеру үшін сигнал қабылдауға және
жіберуге арналған әр түрлі жиіліктерді орнату
мүмкіндігі бар.
Гарнитура FM модуляциясын және ішкі
арналарды қолдайды CTCSS (1 - 38) және DCS
(39 - 121) үндері. G және H кестелерін қараңыз.
8.9. DMR ТЕХНОЛОГИЯСЫ
DMR үш түрлі байланыс режимдерінен тұрады:
барлығына қоңырау шалу, топқа қоңырау шалу
және жеке қоңырау шалу. Барлығына қоңырау
шалу режимі арқылы бір жиіліктегі және түс
кодындағы барлық DMR гарнитураларымен
байланысуға болады. Топқа қоңырау шалу
режимі арқылы бір жиіліктегі, тиісті түс
кодындағы және тиісті топ идентификаторындағы
барлық гарнитураларымен байланысуға
болады. Жеке қоңырау шалу режимі арқылы
бір жиіліктегі, тиісті түс кодындағы және
тиісті радио идентификаторындағы барлық
гарнитураларымен байланысуға болады.
Бұл гарнитура DMR стандартына қолдау
көрсетеді (1-деңгей және 2-деңгей) және
барлығына қоңырау шалу немесе топқа қоңырау
шалу мүмкіндігін береді. Бұл гарнитура «түсті
кодтар» (0-15) деп аталатын сандық қосалқы
үндерді де қолдайды.
Сандық рацияда сигналды қабылдау және
тарату үшін әр түрлі жиіліктерді орнату мүмкіндігі
бар. Бұл ретранслятор жүйесімен байланысуды
мүмкін етеді.
KZ
135
Need help?
Do you have a question about the PELTOR WS LiteCom Pro III and is the answer not in the manual?