Bosch Professional GLL 2-10 G Original Instructions Manual page 130

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
130 | Қазақ
– Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде
(Ⅰ нүктесі), 5 м қашықтықта есік тесігінің басқа
жағында (Ⅱ нүктесі) және есік тесігінің жоғарғы
шетінде (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз.
– Өлшеу құралын есік тесігінің басқа жағында, тікелей Ⅱ
нүктенің артында қойыңыз. Өлшеу құралын
нивелирлеп, тік лазер сызығын орталығы тура Ⅰ мен Ⅱ
нүктелерден өтетіндей етіп туралаңыз.
– Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы
шетінде Ⅳ нүктесі ретінде белгілеңіз.
– А қабырғасындағы Ⅲ мен Ⅳ екі белгіленген нүктенің d
айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен
ауытқуын көрсетеді.
– Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей
есептеледі:
есік тесігінің қос биіктігі × 0,3 мм/м
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігіндегі максималды ауытқу:
2 × 2 м × ±0,3 мм/м = ±1,2 мм. Сондықтан Ⅲ мен Ⅳ
нүктелердің аралығы ең көбі 1,2 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Әрдайым тек лазер сызығының орталығын
u
пайдаланыңыз. Лазер сызығының ені қашықтықпен
өзгереді.
1 609 92A 8EF | (24.01.2023)
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (20) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (20)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Өлшеу құралын 1/4"-штатив патронымен (5)
штативіне немесе (23) стандартты фотоштативіне
орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін
5/8"-штатив патронын (4) пайдаланыңыз. Өлшеу
құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ)
(F суретін қараңыз)
Әмбебап ұстағыштың (19) көмегімен өлшеу құралын,
мысалы, тік аймақтарға немесе магнитті материалдарға
бекітуге болады. Әмбебап ұстағыш едендік штатив
ретінде де пайдаланылады және өлшеу құралының
биіктік бойынша туралануын оңтайландырады.
Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен
u
кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы
жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту
күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы
мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (19)
дөрекі бағыттаңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
u
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
u
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
Жұмыс мысалдары (F−H суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары
суреттер беттерінде берілген.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents