TZS First AUSTRIA FA-5330 Instruction Manual page 12

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

БАРБЕКЮ
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ
НҰСҚАУЛАР
• Барбекюді пайдаланбас бұрын, пайдалану
нұсқауларын толық оқып шығып, олармен
танысыңыз.
• Бұл құрылғыны балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Ас әзірлеу уақыттары әртүрлі
болғандықтан, қосылып тұрған құрылғыны
қараусыз қалдырмаңыз.
• Қолдану барысында және қолданып болған
соң, құрылғының беттері қатты қызып кетуі
мүмкін. Пешті міндетті түрде қолғаппен
немесе шүберекпен пайдаланыңыз.
Берілген тұтқаларды қолданыңыз және
қызған беттерді ұстамаңыз.
• Құрылғыны тазаламас бұрын, ашасын
қуат көзінен міндетті түрде ажыратыңыз.
Тазалап сүртіп шығыңыз. Құрылғыны,
ашасын немесе қуат сымын суға салмаңыз.
• Құрылғыны сақтамас немесе тазаламас
бұрын, толық суығанын күтіңіз.
• Пайдаланбас бұрын пластиктен жасалған
тамшы науасы орнында тұруы керек.
Құрылғыны ұзақ уақыт қойып қояр
алданда, тамшы науасын шығарып,
босатыңыз.
• Болашақта қолдану және анықтамалық
ретінде қарау үшін пайдаланушы
нұсқаулығын бүлінбейтін бір жерге қойып
қойыңыз.
• Пайдаланушы жөндей алатын бөлшектері
жоқ. Егер құрылғы істемей қалса, электрлік
құрылғыларды жөндейтін орталыққа
немесе жеткізушіге хабарласыңыз.
• Дене, сезу немесе ақыл-ой мүмкіндіктері
шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі аз
адамдар (соның ішінде балалар) олардың
қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғы
қолданысын қадағалап немесе нұсқау
беріп тұрмаса, бұл құрылғыны пайдаланбау
керек.
• Балалардың құрылғымен ойнамауын
қадағалап жүру қажет.
МАЙСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН
БАРБЕКЮДІ БАРЫНША ТИІМДІ
ПАЙДАЛАНУ
Барбекю азық-түліктің құрамындағы табиғи
маймен ғана тамақ әзірлеуге арналған. Артық
май қосылмауы керек.
Тамақ әзірлеу барысында азық-түліктің
құрамындағы майдың көбі кетіп қалады
және тамшы науасына жиналады, осылайша
қосымша майға немесе тоң майға қуырғанға
қарағанда пайдалы болмақ.
Сондықтан құрамында табиғи майы бар
азық-түлікті (мысалы, ет пен балық етінің кез
келген түрі, бургерлер және басқа ет өнімдері)
пайдаланған дұрыс болады. Дегенмен азық-
түліктің басқа түрлерін, мысалы көкөністерді,
тіпті сэндвичтерді пісіруге де болады.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
• Алғаш пайдаланар алдында немесе ұзақ
уақыт пайдаланбаған соң, күйдірмейтін
тақталарды дымқыл шүберекпен сүртіп,
тазалаңыз.
• Құрылғыны пайдаланбас бұрын, барбекюді
қуат көзіне жалғап, бетін жауып қойып,
ішіне ешқандай азық-түлік салмай, міндетті
түрде 3-4 минут қыздырыңыз.
• Қақпағын пешке арналған қолғап немесе
шүберекпен ұстап ашыңыз, оны тігінен
қойып, пісірілетін азық-түлікті астыңғы
тақтаға абайлап қойыңыз (қақпақ пісетін
азық-түліктің биіктігін реттейтіндей
жасалған).
• Қақпақты абайлап жабыңыз, қуат шамы
жанып, барбекюдің іске қосылғанын
білдіреді.
• Тамақтың қалай пісіп жатқанын жиі
қадағалап отырыңыз. Тамақты аударудың
қажеті жоқ, себебі ол екі жағынан да піседі.
• Тамақ толығымен піскен соң, оны
барбекюден ағаш немесе пластик
қалақшаның көмегімен шығарып алыңыз.
• Қолданып бола салысымен барбекюді қуат
көзінен ажыратыңыз және оны тазаламас
және сақтамас бұрын, жеткілікті түрде
суығанын күтіңіз. Тамшы науасын міндетті
түрде шығарып алып, тазалаңыз.
ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛАР
• Тазаламас бұрын, құрылғыны қуат көзінен
ажыратып, суығанын күтіңіз.
• Тазалауға арналған ысқышты немесе
қажайтын тазалағыш затты мүлде
қолданбаңыз, себебі ол пластикті де,
металды да зақымдауы мүмкін.
• Тамшы науасын ыстық, сабынды сумен
жууға болады.
• Жинақтағы арнайы қалақшаны
пайдаланып, күйдірмейтін тақталарға
жабысқан артық тамақты қырып алыңыз.
Ал кетпейтін дақтарды кетіру үшін сызат
түсірмейтін дымқыл губканы немесе қағаз
сүлгіні пайдалануыңызға болады.
22
• Қағаз сүлгінің көмегімен күйдірмейтін
тақталарды толығымен кептіріңіз. Сыртқы
пластик корпусты қағаз сүлгімен немесе
жұмсақ шүберекпен тазалауға болады.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ:
Қуаты: 220-240 В • 50 Гц • 2000 Вт
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін
әдіспен жою.
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан
қорғаңыз! Жергілікті ережелерді сақтауды
ұмытпаңыз: істен шыққан электр жабдықтарды
қалдықтарды жоятын тиісті орталыққа
жеткізіңіз
23

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents