Hotpoint Ariston HI 5030 WEF Daily Reference Manual page 67

Table of Contents

Advertisement

КҮТІМ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
СҮЗГІ ЖИНАҒЫН ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді бітеліп қалмауы және қалдық судың дұрыс ағуы үшін
сүзгі жинағын қалыпты түрде тексеріп тұрыңыз.
Сүзгілері бітелген немесе сүзу жүйесіне бөтен заттар немесе
бүріккіш құралдар түсіп кеткен ыдыс жуғыш машинаны
қолданатын болса, құрылғы бұзылып, оның өнімділігі төмендеп,
шуы көбейіп, ресурстарды қарқынды тұтына бастайды.
Сүзгілер жинағы үш сүзгіден тұрады, олар ыдыс жуған
судағы тағам қалдықтарын кетіріп, содан кейін суды қайта
айналдырады: жуу нәтижесі барынша жақсы болуы үшін
оларды таза ұстау керек.
Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерді салмай немесе сүзгі
бос болса, қолдануға болмайды.
Кем дегенде айына бір рет немесе әр 30 цикл сайын, сүзгі
тізбегін тексеріп, оны тазалау қажет болса, төменде берілген
нұсқауларды орындай отырып, металл емес щеткамен ағып
тұрған судың астында мұқият жуып алыңыз:
1. Цилиндрлік сүзгіні A сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз да,
тартып шығарыңыз (1-сурет).
2. Бүйір құлақшаларға аздап күш сала отырып, B тостақ сүзгіні
алып шығыңыз (2-сурет).
3. Тот баспайтын болаттан жасалған табақша сүзгіні сырғытып
шығарыңыз C (3-сурет).
4. Бөтен заттар (мәселен, сынған әйнек, фарфор, сүйектер,
жеміс-жидек дәндері және т.б.) тауып алсаңыз, оларды жайлап
алып тастаңыз.
5. Тұтқышты тексеріп, тағам қалдықтары болса, алып тастаңыз.
Жуу циклының сорғы қорғағышын (қара түсті бөлшек)
ЕШҚАШАН ДА АЛМАҢЫЗ (4-сурет).
1
A
C
3
Сүзгілерді тазалған соң, сүзгі жинағын қайта салып, оны
қалпына реттеңіз; бұл ыдыс жуғыш машинаның тиімді жұмысын
жасау үшін маңызды.
СУ КЕЛЕТІН ШЛАНГІНІ ТАЗАЛАУ
Су келетін шлангілер жаңа немесе ұзақ уақыт бойына қолданыл-
маған болса, қажетті қосылымдарды орындамас бұрын қалдық
заттардың жоқтығын және оның тазалығын тексеру үшін су өт-
кізіңіз. Осы сақтық шаралары орындалмайтын болса, су кірісінің
бітелуі және ыдыс жуғыш машинаға зақым келтіруі мүмкін.
БҮРІККІШТЕРДІ ТАЗАЛАУ
IТағам қалдықтары бүріккіштері жабысып қалып, су бүркілетін
тесіктерді бітеп тастаған жағдайда. Уақыт өте бүріккіштерді
тексеріп, оларды металл емес кішкентай шөткемен тазалап
тұрған жөн.
Жоғары бүріккіш тетігін алу үшін пластикалық құлыптау
сақинасын сағыт тілігінің бағытымен бұраңыз. Үстіңгі бүріккішті
тесіктердің көбісі жоғары қарап тұратындай етіп ауыстыру
керек.
Астыңғы бүріккішті жоғары қарай тартып алып шығуға болады.
2
СУ ЖҰМСАРТУ ЖҮЙЕСІ
B
Су жұмсартқыш автоматты түрде судың кермектігін төмендетіп,
қыздырғышта қақтың жиналуының алдын алады, осылайша
A
тазарту тиімділігі де артады.
Бұл жүйе өзін-өзі тұзбен регенерациялайды, сондықтан
тұз сауыты бос болғанда, оны әрдайым толтырып тұру
қажет.
Регенерация
байланысты ерекшеленеді - регенерация әр 6 Eco циклі сайын
бір рет 3-ке қойылған су кермектігі деңгейінде орындалады.
Регенерация процесі соңғы шаю циклінен кейін басталып, цикл
аяқталғанға дейін кептіру фазасында аяқталады.
• Бір реттік регенерация тұтынады: ~3.5 л су;
• Бір циклға қосымша 5 минут жұмсалады;
• 0.005 кВт/сағ-тан аз энергия тұтынады.
4
жиілігі
су
кермектігі
деңгейінің
KZ
баптауына
7

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents