Download Print this page

Stihl RME 339.0 C Instruction Manual page 342

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 22
қазақ
■ Жаңбыр кезінде жұмыс істегенде,
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр немесе қазалы жарақат
алуы мүмкін.
► Жаңбыр жауғанда: жұмыс істемеңіз.
■ Көгалшапқыш судан қорғалмаған. Жаңбыр
жауған кезде немесе ылғалды ортада
жұмыс істеген жағдайда, ток соғу қаупі
туындауы мүмкін. Пайдаланушы жарақат
алуы және көгалшапқыш зақымдалуы
мүмкін.
► Жаңбыр астында және ылғалды ортада
жұмыс істеуге болмайды.
► Ылғал шөпті шабуға болмайды.
■ Көгалшапқыштың электрлік құрамдас
бөлшектерінен ұшқын шығуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанғыш немесе
жарылғыш ортада өрт және жарылыс қаупі
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр немесе
ажалды жарақат алуы, сондай-ақ мүлікке
залал келтірілуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын немесе жарылыс қаупі
бар ортада жұмыс істемеңіз.
■ Адамдар ұзартқыш сымға сүрінуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және көгалшапқыш
зақымдалуы мүмкін.
► Ұзартқыш сымды жақсы көрінетін және
тегіс бетте орналастырыңыз.
4.6
Қауіпсіз күй
4.6.1
Көгалшапқыш
Келесі шарттар орындалған кезде,
көгалшапқыш қауіпсіз жұмыс күйінде болады:
– Көгалшапқыш зақымдалмаған.
– Ұзартқыш сым немесе оның желілік ашасы
зақымдалмаған.
– Көгалшапқыш таза және құрғақ.
– Басқару элементтері жұмыс істеп тұр және
модификацияланбаған.
– Пышақ тиісінше орнатылған.
– Аталмыш көгалшапқыш үшін түпнұсқа
STIHL керек-жарақтары орнатылған.
– Керек-жарақтар тиісінше орнатылған.
Сақтандыру
■ Қауіпсіздігі бұзылған күйде құрамдас
бөлшектер әрі қарай дұрыс жұмыс істей
алмауы және сақтандырғыш құрылғылар
істен шығуы мүмкін. Адамдар ауыр немесе
қазалы жарақат алуы мүмкін.
► Зақымдалмаған көгалшапқышпен жұмыс
істеңіз.
► Зақымдалмаған ұзартқыш сыммен және
оның зақымдалмаған желілік ашасымен
жұмыс істеңіз.
342
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Көгалшапқыш ластанған немесе ылғал
болса: көгалшапқышты тазалап
құрғатыңыз.
► Көгалшапқышты модификацияламаңыз.
► Басқару элементтері жұмыс істемесе:
көгалшапқышпен жұмыс жүргізбеңіз.
► Аталмыш көгалшапқыш үшін түпнұсқа
STIHL керек-жарақтарын орнатыңыз.
► Пышақты аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай орнатыңыз.
► Керек-жарақты аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта немесе керек-
жарақтың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығында сипатталғандай
орнатыңыз.
► Көгалшапқыштың саңылауларына бөгде
заттар салуға болмайды.
► Тозған немесе зақымдалған нұсқау
тақтайшаларын ауыстырыңыз.
► Түсініксіз мәселелер туындаған
жағдайда: STIHL делдалына
хабарласыңыз.
4.6.2
Пышақ
Келесі шарттар орындалған кезде, пышақ
қауіпсіз жұмыс күйінде болады:
– Пышақ пен құрамдас бөлшектер
зақымдалмаған.
– Пышақ деформацияға ұшырамаған.
– Пышақ тиісінше орнатылған.
– Пышақ тиісінше өткірленген.
– Пышақта қылау жоқ.
– Пышақ тиісінше теңгерілген.
– Пышақ өзінің минималды қалыңдығынан
кіші емес,
18.2.
– Пышақ кері қайрау деңгейінен асырмайды,
18.2.
– Жүзінің бұрышы сақталған,
Сақтандыру
■ Пышақ қауіпсіз күйде болмаған жағдайда,
оның бөлшектері босап қалуы және
лақтырылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► Зақымдалмаған пышақпен және
зақымдалмаған құрамдас бөлшектермен
жұмыс істеңіз.
► Пышақты тиісінше орнатыңыз.
► Пышақты тиісінше қайраңыз.
► Минималды қалыңдықтан кем болса:
пышақты ауыстырыңыз.
► Кері қайрау деңгейінен асып кетсе:
пышақты ауыстырыңыз.
► Пышақты STIHL делдалына теңгеруге
беріңіз.
18.2.
0478-121-9926-A

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Rme 339Rme 339 c