Қуатты Үнемдеу Және Қоршаған Ортаны Қорғау Туралы Ұсыныстар; Қуатты Үнемдеу; Экологиялық Тұрғыдан Қауіпсіз Жолмен Утилизациялау; Тасымалдау Кезінде Орындалатын Шаралар - Bosch HBN231 2 Series Instruction Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау туралы ұсыныстар
Мұнда пісіру және қуыру кезінде қуатты үнемдеу және духовка
шкафын дұрыс пайдалану туралы ұсыныстарды табасыз.
Қуатты үнемдеу
Духовка шкафын рецептте немесе пайдалану нұсқаулығының
кестелерінде көрсетілген болса ғана алдын ала қыздырыңыз.
Пісіру үшін күңгірт, қара, лак жағылған немесе эмальдалған
қалыптарды пайдаланыңыз. Олар жылуды әсіресе жақсы
сіңіреді.
Бұқтыру, пісіру және қуыру кезінде есікті мүмкіндігінше сирек
ашыңыз.
Бірнеше пирогты бірінен соң бірін пісірген жөн. Духовка шкафы
әлі жылы. Осының есебінен екінші пирогты пісіру уақыты
қысқарады. Тікбұрышты пішіні бар екі пирогты қатар қоюға
болады.
Ұзақ уақыт бойы әзірлегенде духовка шкафын өшіруден
10 минут бұрын өшіруге және тамақты дайын күйге жеткізу
үшін қалдық жылуды пайдалануға болады.
Біз сіз үшін асханада сынақтар өткіздік
Мұнда тамақтардың көп түрін және олар үшін оңтайлы
реттеулерді табасыз. Біз таңдалған тамақ үшін қандай қыздыру
түрі және қандай температура ең қолайлы екенін көрсетеміз.
Қандай құралдарды пайдалану және оларды қандай деңгейге
орнату керектігі туралы ақпарат аласыз. Сіз ыдыс және тамақты
әзірлеу туралы кеңестер аласыз.
Нұсқаулар
Кестелерде көрсетілген мәндер тамақта суық және бос жұмыс
камерасына орнатсаңыз дұрыс.
Алдын ала қыздыруды кестелерде көрсетілген болса ғана
пайдаланыңыз. Құралдарға алдын ала қыздырудан кейін ғана
пісіруге арналған қағазды төсеңіз.
Кестелерде көрсетілген уақыт туралы деректер стандартты
мәндер болып табылады. Олар өнімдердің сапасы мен
қасиеттеріне байланысты.
Жеткізу жинағына кіретін құралдарды пайдаланыңыз.
Қосымша құралдарды сервистік қызметтен немесе арнайы
дүкеннен сатып алуға болады.
Жұмысты бастамай тұрып барлық артық құралдарды және
ыдысты жұмыс камерасынан алыңыз.
Ыстық құралдарды немесе ыдысты жұмыс камерасынан
алғанда әрқашан тұтқыштарды пайдаланыңыз.
Экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолмен
утилизациялау
Ораманы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолмен
утилизациялаңыз.
Бұл құрылғыда 2012/19/EО электр және электрондық
жабдықты (қоқыс электр және электрондық жабдық -
WEEE) утилизациялау туралы еуропалық директиваға
сай белгісі бар.
Бұл директива Еуропалық Одақ шеңберінде ескі
құрылғыларды қайтару және утилизациялау тәртібін
қамтамасыз етеді.
Тасымалдау кезінде орындалатын шаралар
Құрылғыдағы барлық қозғалатын бөліктерді ізсіз алуға болатын
лентамен бекітіңіз. Құрылғының зақымдалуын болдырмау үшін
жиектерін (мысалы, пісіру табасын) жұқа картон қағазбен
ораңыз, сәйкес бөлімдерге салыңыз. Ішкі қабырғаның әйнекке
соғылуын болдырмау үшін картон қағазды немесе соған ұқсас
нәрсені алдыңғы және артқы әйнек арасына салыңыз.
Духовканың есігін жабысқақ лентамен құрылғының бүйірлік
қабырғаларына бекітіңіз.
Бастапқы құрылғы орамасын сақтаңыз. Құрылғыны тек бастапқы
орамада тасымалдаңыз. Орамадағы көрсеткілерді ескеріңіз.
Бастапқы орама енді жоқ болса
Тасымалдау кезіндегі ықтимал зақымдалудан қорғау үшін
құрылғыны қорғағыш орамаға ораңыз.
Құрылғыны тік күйде тасымалдаңыз. Құрылғы есігінің тұтқасын
немесе артқы тақталарды ұстамаңыз, өйткені олар зақымдалуы
мүмкін. Құрылғыға ауыр заттарды қоймаңыз.
Пирогтар және пісірілген нан
Бір деігейле пісіру
Бәліш пен торттарды пісіруде жоғарғы/төменгі ыстық
нәтижені келтіреді.
2D ыстық ауасында
2
пісіруде жабдықтарды төмендегі салу
биіктікретіне салыңыз:
Бәліш пішініндегі бәліштер: салу биіктігі 2
Пісіру табасындағы бәліштер: салу биіктігі 3
Бірнеше деңгейде пісіру және құыру
2
ыстық ауасын пайдаланыңыз.
2 деңгейде пісіру мен құыруда салу биіктіктері:
Әмбебап таба: салу биіктігі 3
Пісіру табасы: салу биіктігі 1
Бірдей пешке салынған тамақтар бір уақытта дайын болмауы
мүмкін.
Кестеде бірнеше тамақтарды табасыз.
Пісіруге арналған қалып
Пісіруге арналған күңгірт металл қалыптар ең жақсы жарайды.
Жұқа материалдан жасалған ашық түсті қалыптарды
пайдаланғанда пісіру уақыты артады, ал пирог біркелкі
қызармайды.
Егер силикон қалыптарды пайдалансаңыз, өндірушінің
сипаттамаларын және рецепттерін басшылыққа алыңыз. Жиі
силикон қалыптардың өлшемі кәдімгі қалыптардан кішірек
болады. Сондықтан олар үшін қамырдың мөлшері мен рецептура
аздап басқаша болуы мүмкін.
%
ең дұрыс
31

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents