TZS First AUSTRIA FA-5565-3 Instruction Manual page 23

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚЫЗДЫРҒЫШ
Бұл өнім тек жақсы оқшауланған
орындарда немесе сирек пайдалануға
арналған.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар алдында
осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз
және оларды кейінірек пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін (газ не электр
оттығы немесе қыздырылатын пеш сияқты)
ыстық бетте немесе оған жақын жерде
қолданбаңыз және қоймаңыз.
• Құрылғы берік әрі тегіс бетте орналасқанына
және оған балалардың қолы жетпейтініне
көз жеткізіңіз, бұл – құлап кету салдарынан
болатын зақымдар мен жарақаттанудан
сақтайды.
• Өнімді газ көздерінің немесе басқа жанғыш
материалдардың немесе заттардың
жанында пайдаланбаңыз.
• Жиһаздан және басқа заттардан қауіпсіз
қашықтықта ұстаңыз.
• Желдеткіш қыздырғышты жиһазға немесе
басқа заттарға тікелей бағыттамаңыз.
• Ауа еркін келіп тұру үшін құрылғының артқы
жағын қабырғалардан немесе заттардан
кемінде 30 см қашықтықта ұстаңыз.
• Құрылғыны су тамшылап тұрған немесе
шашырайтын жерге шығармау керек.
Құрылғының жанына немесе үстіне суы бар
ыдыстарды (мысалы, вазалар) қоймаңыз.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Ауа кіретін және шығатын жерлерді
ештеңемен жаппаңыз немесе оларға кедергі
келтірмеңіз!
• Құрылғының жанына тұтанғыш материалды
(қағаз, мата және т.б.) қоймаңыз.
• Құрылғыны желіге қосу не ажырату алдында
оның өшірулі тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Бұл қыздырғышты ваннаға, душқа немесе
бассейнге жақын пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғы пайдалану кезінде қызады.
Күйіп қалмау үшін ыстық жерлеріне тимеңіз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және ақау
пайда болған жағдайда, құрылғыны міндетті
түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Құрылғы қызып тұрғанда, тіпті қуат көзіне
қосылып тұрмаса да, оны қараусыз
қалдырмаңыз. Тазаламас және сақтамас
бұрын, құрылғының толық суығанын күтіңіз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру
және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі — шарт. Балалар
құрылғымен ойнамау керек. Тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса
және ересектердің қадағалауымен ғана
орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
44
ФУНКЦИЯЛАР
• Бөлме температурасын электрондық жолмен
басқару
• Қашықтан басқару құралы
• Таймер
• Тербеліс
• 2 қыздыру деңгейі
• Аз қызу шығару: 1,2 кВт
• Көп қызу шығару: 2 кВт
• Тек желдеткіш режимі (қыздырмайды)
СИПАТТАМАСЫ:
(А сур.)
1. Басқару панелі
2. Күй шамы
3. Қыздыру элементі
4. Тербеліс түймесі: [OSC]
5. Температура түймесі: [TEMP]
6. Дисплей
7. Таймер түймесі: [TIMER]
8. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі: [ON/OFF]
9. Режим түймесі: [MODE]
НҰСҚАУЛАР
Орнату және қосу:
1. Желдеткішті қыздырғышты тегіс, жазық
жерге орналастырыңыз.
2. Желдеткішті қыздырғышты қуат көзіне
қосыңыз.
таңбасы жанады.
3. Желдеткішті қыздырғышты іске қосу үшін
[ON/OFF] түймесін басыңыз. Әдепкі қыздыру
режимі — «жоғары қыздыру қуаты». Басқа
режим таңдалмаса, құрылғы осы режимде
қыздыра береді.
Режим таңдау:
Әр түрлі режимдерді ауыстырып қосу үшін
[MODE] түймесін (қайталап) басыңыз.
Жоғары қыздыру қуаты
Қыздыру қуаты — шамамен 2000 Вт. Күй
шамы қызыл.
Төмен қыздыру қуаты
Қыздыру қуаты — шамамен 1200 Вт. Күй
шамы күлгін.
Тек желдеткіш режимі
Тек желдеткіш істеп тұр, қыздырып тұрған
жоқ. Күй шамы көк.
Үнемдеу режимі
Үнемдеу режимінде желдеткішті
қыздырғыш бөлме температурасын 24°C
шамасында ұстап тұрады. Күй шамы
қызыл болып жыпылықтап жанады.
24 сағаттан кейін қосымша ештеңе
енгізілмесе, желдеткішті қыздырғыш
автоматты түрде өшеді.
Температура басқаратын режим:
Қажетті бөлме температурасын таңдау үшін
[TEMP] түймесін қайталап басыңыз.
Температураны 1°C қадаммен 15-35°C
аралығына қоюға болады.
Бұл смарт режимде [TEMP] және [MODE]
түймелері жанады да, қыздырғыш қойылған
температураны ұстап тұру үшін қосылып өшіп
тұрады.
Тербеліс функциясы:
Тербеліс функциясын іске қосу немесе тоқтату
үшін [OSC] түймесін басыңыз.
Таймер функциясы:
[TIMER] түймесін (қайталап) басып, уақытын
қойыңыз, сол уақыттан кейін қыздырғыш
автоматты түрде өшеді.
Таймерге 1 сағаттық қадаммен 0-9 сағатты
қоюға болады. 0 таңдалса, таймер өшеді.
Перне құлыптау функциясы:
Барлық түйменің жұмысын құлыптау үшін
[TIMER] түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
Перне құлыптау индикаторы жанады. Құлпын
ашу үшін [TIMER] түймесін қайтадан 3 секунд
басып тұрыңыз. (Бұл параметрді сенсорлық
басқару панелінен ғана орнатуға болады)
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ:
(B сур.)
Қашықтан басқару құралына CR2025 (3 В)
батареясын пайдаланыңыз.
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі (Құрылғыны ҚОСАДЫ/
ӨШІРЕДІ)
2. Таймер түймесі (Автоматты өшіру таймерін
орнатады)
3. Режим түймесі (Режимдерді ауыстырып
қосады)
4. Тербеліс түймесі (Тербелісті ҚОСАДЫ/
ӨШІРЕДІ)
5. Температура түймелері (Температураны
реттейді)
6. Жарық түймесі (Басқару панеліндегі
индикатор шамдары мен күй шамын
ҚОСАДЫ/ӨШІРЕДІ)
ҚАУІПСІЗДІК МҮМКІНДІКТЕРІ
Қызып кетуден қорғау:
Желдеткішті қыздырғыш қызып кетуден
қорғау жүйесімен жабдықталған. Әдетте
желдеткішті қыздырғыш саңылауларының біреуі
жабылып қалған, бітеліп қалған немесе оған
кедергі келген жағдайда ғана қызып кетеді.
Құрылғының ішінде температура көтеріліп
кеткен жағдайда, қыздырғыш өшіп қалады.
Мұндай жағдайда желдеткішті қыздырғышты
қуат көзінен ажыратып, торларды бітеп тұрған
заттардан тазартыңыз. Қайта пайдаланардан
45

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents