Bosch Professional GAC 250 Original Instructions Manual page 161

Block cutter
Hide thumbs Also See for Professional GAC 250:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
– Қажетті қорғаныс жабдығын киіп жүрсіз бе? Қорғаныш
көзілдірік, шаңнан қорғайтын маска мен құлақ
қорғанысын пайдаланыңыз. Бас, қол, аяқ пен табан
үшін қосымша қорғаныс жабдығын пайдалануға кеңес
беріледі. Арнайы қорғаныс киімі ұшпа кесілген
материалдан және ара шынжырымен кенет жанасудан
болатын жарақат алу қаупін азайтады.
Аралау кезіндегі кері соққы (E суретін
қараңыз)
Аралау кезіндегі кері соққы шынжыр шинасының аралау
материалымен жанасудан немесе шынжырдың
қысылуынан жұмыс істеп тұрған электр құралының алға-
артқа шұғыл соғылуы болып табылады.
Аралау кезіндегі кері соққы орын алған жағдайда, электр
құралы күтілмеген түрде жауап қайтарып,
пайдаланушыға немесе аралау аймағында тұрған
адамдарға ауыр жарақат тигізуі мүмкін.
Бүйірлік кесіктер, қиғаш және бойлық кесіктер айрықша
сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс, себебі бұл жағдайда
тіреуішті (10) пайдалану мүмкін болмайды.
Аралау кезіндегі кері соққының алдын алу үшін:
– Электр құралын барынша түзу орналастырыңыз.
– Еш жағдайда босаған, кеңейіп қалған немесе қатты
тозған ара шынжырымен жұмыс істемеңіз.
– Еш жағдайда иық деңгейінен биік араламаңыз.
– Еш жағдайда шынжыр шинасының ұшымен
араламаңыз.
– Электр құралын әрдайым екі қолмен мықтап ұстаңыз.
– Әрдайым кеуекті бетонға арналған Bosch ара
шынжырын (керек-жарақ) пайдаланыңыз.
– Тіреуішті (10) иінтірек ретінде пайдаланыңыз.
– Шынжырдың жақсы керілісін сақтаңыз.
Жалпы әрекеттер (E–H суреттерін қараңыз)
Электр құралын әрдайым екі қолмен, сол қолыңызды
алдыңғы тұтқада, оң қолыңызды артқы тұтқада мықтап
ұстап тұрыңыз. Тұтқаларды әркез бас бармақтармен және
саусақтармен ұстап тұрыңыз. Желілік кабельді әрдайым
артқа бағыттаңыз және оны ара шынжыры мен аралау
материалының айналасынан тыс ұстаңыз.
Электр құралын тек тұрақты қалыпта пайдаланыңыз.
Электр құралын денеңізден сәл оң жақта ұстап тұрыңыз.
Ара шынжырын кеуекті бетонға тигізу алдында толық
жылдамдықпен жұмыс істету қажет. Бұл ретте электр
Қателерді белгілеу
Төмендегі кестеде ақау белгілері және электр құралыңыз дұрыс жұмыс істемеген жағдайда көмектесуі мүмкін
шешімдер көрсетілген. Мәселені жергіліктендіру және шешу мүмкін болмаса, қызмет көрсету шеберханамызға
жолығыңыз.
Назар аударыңыз: ақауларды іздеу алдында
u
электр құралын өшіріп, желілік ашаны суырып
шығарыңыз.
Bosch Power Tools
құралын кеуекті бетонға тіреу үшін тіреуішті (10)
пайдаланыңыз. Аралау кезінде тіреуішті иінтірек ретінде
пайдаланыңыз.
Қаттырақ кеуекті бетон блоктарын аралау кезінде
тіреуішті тереңірек нүктеде орнатыңыз. Тіреуішті босату
үшін электр құралын кері тартыңыз және оны қайтадан
тереңірек орнатыңыз. Электр құралын кесіктен алмаңыз.
Аралау кезінде ара шынжырын күш қолданып баспаңыз,
оның орнына тіреуіш (10) арқылы жеңіл иінтірек
қысымын тудыру арқылы шынжырға жұмыс істеуге
мүмкіндік беріңіз.
Электр құралын ешқашан түзу қолмен пайдаланбаңыз.
Қол жеткізу қиын болатын жерлерде немесе сатыға тұрып
аралауға әрекеттенбеңіз. Еш жағдайда иық деңгейінен
биік араламаңыз.
Үздік аралау нәтижелеріне, шынжыр жылдамдығы артық
жүктеме салдарынан түспеген кезде қол жеткізуге
болады.
Кесік жасағаннан кейін сақ болыңыз. Электр құралы
еркін кесіп болғаннан кейін, ауырлық салмағы кенет
өзгеріп кетеді. Аяқ пен табанға жарақат тигізу қаупі
туындайды.
Электр құралын ара шынжырының айналып тұрған
күйінде ғана кесіктен алыңыз.
Кеуекті бетонды аралау (G–H суреттерін
қараңыз)
Кеуекті бетонды аралау кезінде төмендегі сақтық
шараларын орындаңыз:
Кеуекті бетонды суретте көрсетілгендей қойып, кесік
жабылмайтындай және ара шынжыры қысылып
қалмайтындай тіреңіз.
Кеуекті бетонның қысқалау бөліктерін аралау алдында
туралап бекітіңіз.
Тек кеуекті бетоннан жасалған заттарды аралаңыз.
Тастармен және шегелермен жанасуға жол бермеңіз,
себебі олар лақтырылып кетуі, ара шынжырына зақым
келтіруі немесе пайдаланушыға немесе айналадағы
адамдарға ауыр жарақат тигізуі мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған электр құралын сымды дуалға немесе
жерге тигізбеңіз.
Бойлық кесіктерді айрықша сақтықпен жасаңыз, себебі
тіреуішті (10) пайдалану мүмкін емес. Аралау кезіндегі
кері соққының алдын алу үшін электр құралын түзу
бұрышпен бағыттаңыз.
Қазақ | 161
1 609 92A 6BF | (25.10.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents