TZS First AUSTRIA FA-5097 Instruction Manual page 17

Infrared cooking plate
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Адрес:
Раймундгассе 1/8, 1020, Вена, Австрия
(Raimundgasse 1/8, 1020 Vienna, Austria)
Сделано в Китае
Дата производства указана на упаковке
Уполномоченное изготовителем лицо:
ООО «Грантэл»
143912, Московская область, г.Балашиха,
Западная коммунальная зона, ул. Шоссе
Энтузиастов, вл. 1а, пом. Д002, ком. 51
тел. +7 (495) 297 50 20
В случае неисправности изделия необходимо
обратиться в ближайший авторизованный
сервисный центр.
За информацией о ближайшем сервисном
центре обращайтесь к продавцу.
Экологическая утилизация
Вы можете помочь защитить
окружающую среду! Помните о
соблюдении местных правил: Отправьте
неработающее электрооборудование в
соответствующие центры утилизации.
32
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар
алдында осы нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз және оларды кейінірек
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Құрылғыны ашық, тегіс және ыстыққа
төзімді бетке қойыңыз. Қабырғадан
қашықтық кемінде 5 см болуы тиіс. Ауаның
кедергісіз айналымын қамтамасыз ету
үшін құрылғының үстіндегі аумақ бос болу
керек. Құрылғыны немесе қуат сымын
ыстық беттерге қоюға болмайды. Сондай-
ақ құрылғыны ашық газ жалынының
жанында орнатуға және пайдалануға
болмайды.
• Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Құрылғының жанына тұтанғыш материалды
(қағаз, мата және т.б.) қоймаңыз.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Бұл құрылғыға сыртқы таймерді
немесе қашықтан басқару құралын
пайдаланбаңыз.
• Жұмыс барысында құрылғы ыстық болады.
Сондықтан абай болыңыз, ыстық бөліктерге
қол тиіп кетпеңіз.
• Қатты қызған майлар тұтануы мүмкін.
Сұйық маймен немесе тоң маймен тамақ
(мысалы, фри картобы) дайындағанда,
тамақты қараусыз қалдыруға болмайды.
• Қолданған соң, тазалау алдында және
ақау пайда болған жағдайда, құрылғыны
міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Құрылғы қызып тұрғанда, тіпті қуат көзіне
қосылып тұрмаса да, оны қараусыз
қалдырмаңыз. Сондай-ақ ыстық табаққа
қойып, табамен тасымалдауға болмайды.
Күйіп қалу қаупі бар. Тазаламас және
сақтамас бұрын, құрылғының толық
суығанын күтіңіз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Шыңдалған әйнек тақтаны соқпаңыз.
Сынып қалған жағдайда, құрылғыны
өшіріп, оны қуат көзінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру
және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі — шарт. Балалар
құрылғымен ойнамау керек. Тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса
және ересектердің қадағалауымен ғана
орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
33

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fa-5096-7

Table of Contents