Bosch Professional GPB 18V-2 C Original Instructions Manual page 161

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
Дисплей (1) түймені әр басқан сайын бірнеше секундқа
жанады.
Радио қабылдағышты өшіру үшін қосу/өшіру түймесін
(2) қайтадан басыңыз. Аудио көзінің ағымдағы реттеуі
жадта сақталады.
Дыбыс деңгейін реттеу
Радио қабылдағышты қосқаннан кейін, әрдайым төмен
дыбыс деңгейі орнатылады.
Дыбыс деңгейін көтеру үшін қосу/өшіру түймесін (2)
сағат тілінің бағытымен, ал дыбыс деңгейін төмендету
үшін – сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
<VL> немесе <Volume> дыбыс деңгейінің реттеуі 0 және
30 аралығындағы мәнмен бірге дисплейде бірнеше
секундқа пайда болады. Радио қабылдағышты реттеуден
немесе алмастырудан бұрын дыбыс деңгейін төмен
мәнге, ал сыртқы аудио көзін іске қосудан бұрын орташа
мәнге орнатыңыз.
Дыбысты өшіру үшін дыбысты өшіру түймесін (8) басуға
болады. Дыбысты қайта қосу үшін дыбысты өшіру
түймесін қайтадан қысқаша басыңыз немесе қосу/өшіру
түймесін (2) сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Дыбыс деңгейін әркез өзгертуге болады. Егер мәзір
функциясы іске қосылған болса, индикатор дыбыс
деңгейін өзгерткеннен кейін бірнеше секунд ішінде
мәзірге қайтады.
Аудио көзін таңдау
Аудио көзін таңдау үшін бастапқы көз түймесін (7)
дисплейде қажетті ішкі немесе сыртқы аудио көзі
көрсетілгенше басыңыз:
– DAB/DAB2: DAB+  (GPB 18V‑2 SC) арқылы сандық
радио,
– FM/FM2: UKW арқылы аналогтік радио,
– AUX: жалғағыштар бөліміндегі (16) 3,5 мм ұяшық
AUX IN (25) арқылы сыртқы аудио көзі (мысалы, CD
ойнатқышы),
: Bluetooth® қосылымы арқылы сыртқы аудио көзі
(мысалы, смартфон).
Ағымдағы аудио көзін аудио көзінің индикаторы (b)
немесе Bluetooth® индикаторы (a) арқылы анықтауға
болады.
DAB және DAB2 (GPB 18V‑2 SC), сондай-ақ FM және
FM2 аудио көздерінің функциялары өзгешеленбейді,
олар тек қана қосымша бағдарлама сақтау орындарын
ұсынады.
DAB+ радио таратқышын реттеу/сақтау 
(GPB 18V‑2 SC)
DAB+ радио таратқышы аудио көзін таңдау үшін бастапқы
көз түймесін (7), аудио көзінің индикаторында (b) DAB
немесе DAB2 көрсетілгенше, басыңыз.
Қысқа мерзімді баптандырудан кейін, соңғы реттелген
радио таратқышы ойнатылады.
Таратқыштың атауы көп функциялы индикатордың (k)
жоғарғы жолағында көрсетіледі. Көп функциялы
индикатордың астыңғы жолағында көрсетілетін қосымша
ақпараттың түрін мәзір функциясында реттеуге болады.
Bosch Power Tools
– Таратқышты ауыстыру үшін бастапқы көз түймесін
(7), қалаулы таратқыш дисплейде көрсетілгенше,
бұраңыз. Таңдауды растау үшін бастапқы көз түймесін
(7) басыңыз. Радио қабылдаыш таңдалған таратқышқа
ауысады.
Балама ретінде таратқышты ауыстыру үшін артқа іздеу
түймесін (10) немесе алға іздеу түймесін (9) басуға
болады. Радио қабылдағыш келесі қолжетімді
таратқышқа ауысады (алфавиттік реттілік бойынша
төмен немесе жоғары қарай).
– Реттелген таратқышты жадқа сақтау үшін қалаулы
сақтау орнының бағдарламаны сақтау түймесін (5),
сақтау орнының индикаторындағы (c) сақтау орнының
нөмірі пайда болғанша, басыңыз.
Егер 4 сақтау орны аудио көзіне DAB тағайындалған
болса, бастапқы көз түймесін (7) басу арқылы келесі 4
сақтау орнында қолжетімді аудио көзіне DAB2
ауысасыз. Қалаулы таратқышты ауыстырғаннан кейін
оны жадқа сақтай алу үшін қайтадан реттеу қажет
екендігін ескеріңіз.
– Жадқа сақталған таратқышты ойнату үшін
бағдарламаны сақтау түймелерінің (5) бірін қысқаша
басыңыз. Сақтау орнының индикаторында (c) сақтау
орнының нөмірі пайда болады. Қажет болса, сақталған
барлық таратқыштарды қайта шақыру үшін бастапқы
көз түймесін (7) басу арқылы DAB және DAB2 аудио
көздерінің арасында ауысыңыз.
Нұсқау: қабылдау мәселелері туындаған жағдайда, DAB+
таратқышын іздеу әрекетін қолмен іске қосуға болады.
Ол үшін мәзірде <Auto Scan> таңдаңыз немесе артқа
іздеу түймесін (10) және алға іздеу түймесін (9) бір
уақытта басыңыз. Таратқышты іздеу процесі аяқталған
соң, 4 таратқыш 1–4 бағдарлама сақтау орнында
сақталады. Алдында сақталған таратқыштар үстінен
жазылады.
Егер ешбір DAB+ радио таратқышы табылмаса, <No DAB
Station – Please Auto Scan> көрсеткіші көп функциялы
индикаторда (k) көрсетіледі.
UKW радио таратқышын реттеу/жадқа сақтау
UKW радио таратқышы аудио көзін таңдау үшін бастапқы
көз түймесін (7), аудио көзінің индикаторында (b) FM
немесе FM2 көрсетілгенше, басыңыз.
GPB 18V‑2 C: ағымдағы уақытта ойнатылып жатқан
таратқыштың жиілігі радио жиілік индикаторында (d)
көрсетіледі.
GPB 18V‑2 SC: ағымдағы уақытта ойнатылып жатқан
таратқыштың атауы көп функциялы индикатордың (k)
жоғарғы жолағында көрсетіледі. Көп функциялы
индикатордың астыңғы жолағында көрсетілетін қосымша
ақпараттың түрін мәзір функциясында реттеуге болады.
Тиісті сигналдың қабылдау күші жеткілікті болғанда,
радио қабылдағыш автоматты түрде стерео сигналды
қабылдау режиміне ауысып, дисплейде стерео сигналды
қабылдау индикаторы (h) пайда болады. Мәзір
функциясында қабылдау режимін моно сигналды
қабылдау күйіне өзгертуге болады.
Қазақ | 161
1 609 92A 5NG | (27.05.2020)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gpb 18v-2 sc06014a3000

Table of Contents