Шыны Плафон; Сервистік Қызмет; Өнім Нөмірі Және Зауыттық Нөмір; Қуатты Үнемдеу Және Қоршаған Ортаны Қорғау Туралы Ұсыныстар - Bosch HGV595123Q Instruction Manual

Free standing cooker
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Шыны плафон
Зақымдалған шыны плафонды ауыстыру керек. Жарамды шыны
плафондарды сервистік қызметтен сатып алуға болады.
Сервистік қызмет
Егер құрылғыны жөндеу керек болса, біздің сервистік қызмет сіз
үшін жасалған. Біз техниктердің қажет емес келулерін
болдырмау үшін әрқашан жарайтын шешімді табамыз.
Өнім нөмірі және зауыттық нөмір
Сервистік қызметке қоңырау шалғанда, біз сізге сапалы қызмет
көрсете алуымыз үшін өнім нөмірін (E-Nr.) және зауыттық нөмірді
(FD-Nr.) хабарлаңыз. Нөмірлер бар үлгілік тақтайша духовка
шкафы есігінің бүйірінде орналасқан. Қажет болғанда көп уақыт
іздемеу үшін құрылғыңыздың деректерімен сервістік қызмет
телефон нөмірін осы жерде жазу мүмкін.
E нөмірі.
Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау туралы ұсыныстар
Мұнда духовкада пісіру, қуыру кезінде және әзірлеу бетінде
тамақ әзірлегенде қуатты үнемдеу жолы және құрылғыны дұрыс
лақтыру жолы туралы кеңестер аласыз.
Духовкада қуатты үнемдеу
Духовка шкафын рецептте немесе пайдалану нұсқаулығының
кестелерінде көрсетілген болса ғана алдын ала қыздырыңыз.
Пісіру үшін күңгірт, қара, лак жағылған немесе эмальдалған
қалыптарды пайдаланыңыз. Олар жылуды әсіресе жақсы
сіңіреді.
Бұқтыру, пісіру және қуыру кезінде есікті мүмкіндігінше сирек
ашыңыз.
Бірнеше пирогты бірінен соң бірін пісірген жөн. Духовка шкафы
әлі жылы. Осының есебінен екінші пирогты пісіру уақыты
қысқарады. Тікбұрышты пішіні бар екі пирогты қатар қоюға
болады.
Ұзақ уақыт бойы әзірлегенде духовка шкафын өшіруден
10 минут бұрын өшіруге және тамақты дайын күйге жеткізу
үшін қалдық жылуды пайдалануға болады.
40
Зауыттық
нөмір
Құрылғының құрылғы нөмірін (E-нөмір) және зауыттық нөмірін
(FD-нөмір) айтыңыз.
Сервистік қызмет
O
Құрылғыны дұрыс емес пайдалану жағдайында тіпті кепілдік
мерзімінде де сервистік қызмет технигінің келуі тегін емес
екеніне назар аударыңыз.
Барлық елдер бойынша контакт мәліметтері сервистік қызмет
қосымшасында берілген.
Өндірушінің тәжірибесіне сеніңіз. Сондықтан жөндеуді
құрылғыңыз үшін түпнұсқа қосалқы бөлшектері бар тәжірибелі
мамандар орындайтынына көз жеткізіңіз.
Газ әзірлеу бетінде қуатты үнемдеу
Әрқашан тамақтар үшін өлшемі дұрыс кәстрөлді таңдаңыз.
Үлкен, аздап толтырылған кәстрөл қуаттың көп мөлшерін
қажет етеді.
Әрқашан кәстрөлдерді қолайлы қақпақтармен жабыңыз.
Газ жалыны кәстрөлге үздіксіз тиіп тұруы керек.
Экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолмен
утилизациялау
Ораманы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолмен
утилизациялаңыз.
Бұл құрылғыда 2012/19/EО электр және электрондық
жабдықты (қоқыс электр және электрондық жабдық -
WEEE) утилизациялау туралы еуропалық директиваға
сай белгісі бар.
Бұл директива Еуропалық Одақ шеңберінде ескі
құрылғыларды қайтару және утилизациялау тәртібін
қамтамасыз етеді.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents