Download Print this page

Philips PowerPro FC8769 Manual page 88

Hide thumbs Also See for PowerPro FC8769:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
88
33 Кішкене саптама (тек белгілі бір түрлерде)
34 Қосалқы құрал қыстырғышы
35 Оңай шешу түймесі бар жиналмалы түтік
36 Щеткалы саптама (тек белгілі бір түрлерде)
37 Артқы дөңгелек
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті
-
Шаңсорғышпен суды немесе басқа сұйықтықты сорғызуға
болмайды. Тұтанғыш заттарды да сорғызуға болмайды, ал күлді тек
суығаннан кейін сорғызу керек.
абайлаңыз
-
Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
-
Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды
қолданбаңыз.
-
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны
тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында
немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
-
Құралды қауіпсіз түрде пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа
біреу қадағалаған және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер
түсіндірілген жағдайда, осы құралды 8 жасқа толған және одан үлкен
балалар, сондай-ақ физикалық мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті
шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
-
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
-
Балалар шаң шелегін босату және тазалау, сүзгілерді тазалау және
ауыстыру жұмыстарын тек ересек адамдардың қадағалауымен жасау
керек.
-
Шлангты, құбырды немесе басқа бөлшекті көзіңізге, құлағыңызға
бағыттамаңыз, және де шаң сорғыш тоққа қосулы тұрғанда, ал шланг
шаң сорғышқа қосулы тұрғанда, аузыңызға салуға болмайды.
-
Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан
ажырату керек.
-
Құралдың ешбір бөлігін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
-
Тазалағаннан кейін орнына салмай тұрып, негізгі сүзгі мен көбік
сүзгісінің толық кепкенін тексеріңіз.
Ескерту
-
Құралды пайдаланып күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және
осыған ұқсас заттарды сорғанда, көбік сүзгісінің тесіктері бітеліп
қалады. Сору қуаты қатты азайып кетсе, көбік сүзгісін тазалаңыз.
-
Тек Philips түпнұсқа сүзгілерін пайдаланып, қолдан жасалған
сүзгілерді қолданбаңыз.
-
Сүзгілері орнатылмаса, құралды пайдаланбаңыз. Бұл моторға зақым
келтіріп, құралдың жұмыс мерзімін қысқартады.
-
Үлкен заттарды сорғызбаңыз, себебі олар түтік пен шлангтағы ауа
ағынына кедергі жасауы мүмкін.
-
Шаң шелегі немесе оның қақпағы дұрыс орнатылмаса, құрал
істемейді.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Powerpro fc8760