Щеткамен Тазалау Режимдері - Philips Sonicare FlexCare Platinum Connected HX9192/01 User Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

44
Қазақша
5 Қылшықтары тістердің арасына жетуі үшін щетка басын тістерде
әрі-бері ақырын қозғалтыңыз. Тазалау циклінде осындай
қозғалысты жалғастырыңыз.
6 Алдыңғы тістердің ішкі беттерін тазалау үшін щетка тұтқасын
жартылай тік ұстап, әр тісті (сурет 7) бірнеше рет қабаттастыра
жүргізіңіз.
Ескертпе: Бүкіл ауыз қуысын тазалау үшін, ауызды BrushPacer
мүмкіндігін пайдаланып 6 бөлікке бөліңіз («Мүмкіндіктер» тарауын
қараңыз).
7 BrushPacer мүмкіндігімен біріктірілген Sonicare қолданбасының
щеткамен тазалау нұсқаулығын орындап, 1-бөлімнен (үстіңгі оң
жақ тістер) щеткамен тазалауды бастап, 2-бөлімге (үстіңгі алдыңғы
тістер) өту алдында 20 секунд тазалаңыз. Ауыздың (сурет 8)
барлық 6 сегментін щеткамен бірқалыпты тазалау үшін осы
әрекетті 3-6 бөліктерінде орындаңыз.
Ескертпе: Ағарту режимін пайдалану кезінде алдыңғы тістерді
жылтыратуға екі қосымша 20 секундтық аралық пайдаланылады.
8 Philips Sonicare қолданбасы щеткамен тазалау барысында
өткізілген аймақтарға 20 секунд жұмсаумен өткізілген орындарды
анықтауға көмектеседі.
Philips Sonicare тіс щеткасын қауіпсіз пайдалануға болады:
-
Тіс түзегіш пластиналар (тіс түзегіш пластиналарға қолданғанда
щетка бастары тезірек тозады)
-
Тіс қалпына келтіргіштері (пломбалар, коронкалар, венирлер)
Ескертпе: Қапсырмалар немесе тіс пломбалары дұрыс бекітілгеніне
және оларға зиян тимейтініне көз жеткізіңіз. Олай болмаса, щетка
басына тигенде, қапсырмалар немесе тіс пломбалары зақымдалуы
мүмкін.
Ескертпе: Philips Sonicare тіс щеткасы клиникалық зерттеулерде
пайдаланылса, сап толығымен зарядталған болуы және Easy-start
(Оңай іске қосу) мүмкіндігі өшірілуі керек.
Щеткамен тазалау режимдері
Ескертпе: тіс щеткасы қосылып тұрғанда, режимдерді ауыстырып-
қосу мүмкін емес.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents