Download Print this page

Philips AVENT SCD733 Manual page 64

Hide thumbs Also See for AVENT SCD733:

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Тамақтандыру таймері
-
Микрофон сезімталдығы ең жоғарғы деңгейге орнатылса, Eco Max
режимі белсендірілмейді.
Eco Max режимін белсендіру
1 + және - түймелерін пайдаланып мәзірден «Eco Max» тармағын таңдап,
растау үшін OK түймесін басыңыз.
2 Дисплейде «Turn On» (Қосу) хабары көрсетілгенде Eco Max режимін қосу
үшін OK түймесін басыңыз.
3 Дисплейде «!No alert if out of range, OK?» (Ауқымнан тыс болса, ескерту
көрсетпеу, ОК?) ескерту хабары көрінеді. Растау үшін OK түймесін
басыңыз.
Ескертпе: Ескерту хабары дисплейде екі рет жылжып өтеді. OK түймесін
баспасаңыз, ата-ана бөлігінде мәзір сол қалпында қалады және Eco Max
режимі ажыратулы қалады.
4 Дисплейде Eco Max көрсеткіші жыпылықтайды. Нәресте бөлігі ата-ана
бөлігіне ешқандай сигнал жібермегенде «байланыс» шамы баяу жасыл
түсте жыпылықтайды.
5 Радио сигнал ажыратылғандықтан ата-ана бөлігі нәресте бөлігінен
сигнал алғанда «байланыс» шамы тұрақты жасыл болып жыпылықтайды.
Eco Max режимін ажырату
1 MENU түймесін басыңыз.
2 + және - түймелерін пайдаланып «Eco Max» режимін таңдап, растау үшін
OK түймесін басыңыз.
3 Дисплей «Turn Off» (Өшіру) параметрін көрсеткен кезде, растау үшін OK
түймесін басыңыз.
Нәрестені тамақтандыру уақыты болғанын ескертетін тамақтандыру
таймерін орнатуға болады. Таймерді 1 минуттан 23 сағат 59 минутқа дейін
орнатуға болады.
1 Тамақтандыру таймерінің ішкі мәзірін ашу үшін, мәзірден «Feed Timer»
(Тамақтандыру таймері) опциясын таңдаңыз. Растау үшін OK түймесін
басыңыз.
2 Тамақтандыру таймері ішкі мәзірінде «Set Timer» (Таймерді орнату)
опциясын таңдаңыз. Таймер орнатуды бастау үшін OK түймесін басыңыз.
3 Сағат пен минутты орнатып, растау үшін OK түймесін басыңыз.
4 Тамақтандыру таймерін іске қосу үшін, тамақтандыру таймері ішкі
мәзірінде «xx:xx Start» (xx:xx бастау) опциясын таңдаңыз. Растау үшін OK
түймесін басыңыз. Дисплейде таймер белгісі көрінеді және таймер кері
санауды бастайды.
67
Қазақша

Advertisement

loading