Техникалық Қызмет Көрсету - Makita DRC200 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for DRC200:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Әрекеттер
Күту режимінде шекаралық сенсорды (О-2 суреті)
іске қосу үшін робот-тазалағыштағы шекаралық
сенсор түймесін (F-11 суреті) басыңыз.
Шам (F-11 суреті) жанады.
Шекаралық сенсорды өшіру үшін шекаралық
сенсор түймесін қайта басыңыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ: Автоматты қосылу таймері
қосулы кезде, ұйқы режимінде бұл параметр
қолжетімді болмайды.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тексеру немесе техникалық
қызмет көрсету жұмыстарына кіріспес бұрын,
әрдайым батарея картридждерін алып
тастағаныңызға көз жеткізіп тұрыңыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ: Шаң және кір негізгі қылшақ
саңылауынан түсіп қалмауы үшін робот-
тазалағышты аудармас бұрын, шаң қорабын алып
тастаңыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ: Еденге және робот-тазалағышқа
(В суреті) зақым келмеуі үшін міндетті түрде
еденге кілем немесе басқа да төсем төсеңіз.
ХАБАРЛАНДЫРУ: Ыстық су (40°C шамасынан
асатын), жанармай, бензин, еріткіш, спирт немесе
сол сияқты сұйықтықтарды мүлдем пайдалануға
болмайды. Нәтижесінде құрал түссізденіп,
майысуы немесе сызаттар пайда болуы мүмкін.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін жөндеу, басқа да техникалық
қызмет көрсету немесе реттеу жұмыстарын
Makita өкілетті немесе зауыттық қызмет көрсету
орталықтары әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін
пайдаланып орындауы керек.
Бүйірлік қылшақтарды тазалау
( A, M-1 суреттері)
• Қылдарға оралып қалған жіптер мен шаш
қылшақтың айналуын тоқтатуына себеп болуы
мүмкін. Оларды қысқыш немесе сол сияқты
құралдармен алып тастаңыз.
• Қылшақтың қылдары майысып немесе түсіп
қалған болса, қосалқы қылшақпен ауыстырыңыз
(қосымша мәліметтерді «Бүйірлік қылшақтарды
орнату» бөлімінен қараңыз).
Дөңгелектерді тазалау
• Жетек доңғалақтарындағы (М-2 суреті)
жіптер мен шашты қысқыш және қайшымен
алып тастаңыз. Дөңгелекті бұрау тазалауды
жеңілдетеді.
• Бұрмалы дөңгелектердегі (М-3 суреті) жіптер
мен шашты қысқыш, қайшы немесе соған ұқсас
құралдармен алып тастаңыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ: Қолыңыз доңғалақтар мен
робот-тазалағыштың корпусы арасына қысылып
қалмауы үшін сақ болыңыз.
Негізгі қылшақты тазалау
Бүйірлік қылшақтарды алып тастау (толығырақ
ақпаратты «Бүйірлік қылшақтарды орнату» бөлімінен
қараңыз) төмендегі жұмыстарды жеңілдетеді.
1. Төрт бұранданы (N-1 суреті), содан соң төменгі
тақтайша (N-2 суреті) мен негізгі қылшақты (N-3
суреті) алып тастаңыз.
2. Төменгі тақтайшаны (N-2 суреті) тазалағыш
сұйықтыққа аздап малынған шүберекпен сүртіңіз
немесе қажет болған жағдайда тақтайшаны
жуыңыз.
3. Қайшыны пайдаланып негізгі қылшақтан (N-3
суреті) жіптер мен шаштарды алып тастаңыз да,
қажет болған жағдайда негізгі қылшақты сумен
жуыңыз.
4. Желдеткіш тордың (N-4 суреті) ішкі жағын
тазалағыш сұйықтыққа аздап малынған
шүберекпен сүртіңіз.
5. Негізгі қылшағын ауыстыру үшін негізгі
қылшақтың оң жақ шетінде орналасқан дөңес
бөлігін оң жақ еспелі білік төлкесіндегі (N-6
суреті) ойықпен (N-5 суреті) туралаңыз, содан
кейін оларды біріктіру үшін негізгі қылшақты
орналастырыңыз.
6. Негізгі қылшақтың сол жақ тік ұшын (N-7 суреті)
сол жақ тік еспелі білік төлкесіне бекітіңіз (N-8
суреті).
7. Төменгі тақтайшаны кері ретпен ауыстырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бүйірлік қылшақтардың робот-
тазалағыш корпусына бекітілуі кезінде оны қолмен
айналдыру тақтайша мен робот-тазалағыш
корпусы арасындағы бүйірлік қылшақтардың
түктерін қыспай-ақ төменгі тақтайшаны бекітуге
мүмкіндік береді.
Сенсорларды тазалау
• Таза, құрғақ мақта аппликаторды пайдаланып
биіктік ауытқуын анықтайтын сенсорлар (О-1
суреті) мен шекаралық сенсорларды (О-2 суреті)
тазалаңыз.
• Әлсіз сору режиміне орнатылған басқа
шаңсорғышты пайдалану арқылы
ультрадыбысты сенсорларды (P-1 суреті)
тазалаңыз. Жалпы саны 8 сенсор бампердің
(P-2 суреті) алдыңғы жағы мен екі жағында да
орналасады.
Сүзгі мен шаң қорабын тазалау
ХАБАРЛАНДЫРУ: Жоғарғы шаң қорабының
қақпағын зақымдап алмау үшін, оны күшпен
ашпаңыз немесе жаппаңыз.
1. Сүзгі бөлімін ашу үшін екі құлыпты да (Q-1 суреті)
босатыңыз да,
көрсету белгісін (Q-2 суреті) ұстап тұрып, жоғарғы
шаң қорабының қақпағын көтеріңіз.
42 ҚАЗАҚША
сүзгіге техникалық қызмет

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Drc200z

Table of Contents