Philips Sonicare ExpertClean 7300 Manual page 58

Hide thumbs Also See for Sonicare ExpertClean 7300:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

58
Қазақша
Кіріспе
Жаңа Philips Sonicare қуатты тіс щеткаңыз құтты болсын! Тіс өңезін жақсы
кетіру, тісті ағарту және қызыл иекті сау қалпында ұстап тұру нәтижелеріне
қол жеткізесіз. Sonicare жұмсақ дыбыстық технологиясы мен клиникалық
түрде әзірленіп дәлелденген мүмкіндіктер тіркесімен пайдалану арқылы
кез келген уақытта ең үздік тазалыққа қол жеткізгеніңізге сенімді бола
аласыз. Қосымша қолдау мен өнімді тіркеу қызметтері келесі торапта
қолжетімді: http://www.philips.com/welcome.
Philips Sonicare отбасына қош келдіңіз!
Мақсатты пайдалану
ExpertClean сериялы қуатты тіс щеткалары тістің бұзылуын азайту және
ауыз денсаулығын жетілдіріп жүргізу мақсатында тістерден жабысқақ тіс
өңезі мен тағам қалдығын жоюға арналған. ExpertClean сериялы қуатты тіс
щеткалары тұтынушының тұрмыстық қолданысына арналған. Балалар
үнемі ересек адамның қадағалауымен пайдалануы керек.
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша пайдалану
құжаттамасын
Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді және оның
батареялары мен аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды
ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Дұрыс пайдаланбау қауіптерге немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Ескертулер
-
Зарядтағышты және/немесе дезинфекторды судан алшақ ұстаңыз.
-
Құрылғыны ваннаға немесе шұңғылшаға құлауы немесе тартылуы
мүмкін жерге қоймаңыз немесе сақтамаңыз.
-
Тазалаудан кейін қабырға розеткасына қоспай тұрып, зарядтағыш
және/немесе дезинфектор толығымен құрғақ екенін тексеріңіз.
-
Бұл құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа
біреу қадағалаған және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер
түсіндірілген жағдайда, осы құралды балалар және физикалық
мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз
адамдар пайдалана алады. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық
қызмет көрсету қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға
болмайды.
-
Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
-
Дезинфекторды барлық уақытта балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sonicare expertclean 7500

Table of Contents