Makita 4326 Instruction Manual page 26

Hide thumbs Also See for 4326:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Көлбеу кесу
► Сурет10
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Табанды еңкейтпес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екеніне және қуаттан
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Көлбеу кесу жұмысының алдында шаңнан
қорғайтын қақпақты көтеріңіз.
Қыл ара табанын еңкейту арқылы, 0° және 45°
аралығындағы кез келген бұрышта (сол немесе оң
жақ) көлбеу кесу әрекеттерін орындауға болады.
Алты қырлы кілтпен қыл ара табанының
артқы жағындағы болтты босатыңыз. Қыл ара
табанындағы крест тәрізді ойықтың ортасына
болт орналасатындай етіп, қыл ара табанын
жылжытыңыз.
► Сурет11: 1. Алты қырлы кілт 2. Болт 3. Табан
Қажетті көлбеу бұрышқа қол жеткізгенге дейін қыл ара
табанын еңкейтіңіз. Мотор корпусының жиегі градация
арқылы көлбеу бұрышты көрсетеді. Содан соң қыл ара
табанын бекіту үшін болтты мықтап бұраңыз.
► Сурет12: 1. Жиек 2. Градация
Беттеу арқылы кесу
► Сурет13: 1. Алты қырлы кілт 2. Болт 3. Табан
Алты қырлы кілтпен қыл ара табанының артқы
жағындағы болтты босатып, қыл ара табанын
толығымен артқа қарай сырғытыңыз. Содан соң қыл
ара табанын бекіту үшін болтты мықтап бұраңыз.
Саңылаулар
Саңылауларды екі тәсілдің бірін пайдалана отырып
жасауға болады: А немесе B.
A) Бастапқы тесікті бұрғылау
► Сурет14: 1. Бастапқы тесік
Жиектен ішке қарай кесілмеген ішкі
саңылаулар үшін диаметрі 12 мм немесе
одан үлкен бастапқы саңылауды алдын ала
бұрғылап тесу керек. Кесуді бастау үшін жүзді
осы тесікке салыңыз.
B) Терең кесу
► Сурет15
Төменде көрсетілген нұсқауларды мұқият
орындасаңыз, бастапқы тесікті бұрғылаудың
немесе ішке қарай кесудің қажеті жоқ.
(1) Жүздің ұшын өңдеу бөлшегінің үстіне
орналастырып, табанның алдыңғы
жиегінде құралды жоғары қарай
еңкейтіңіз.
(2) Құралды қосқанда, табанның алдың
жиегі қозғалып қалмауы үшін құралды
басып тұрыңыз да, құралдың артқы жағын
ақырын төмендетіңіз.
(3) Қыл ара жүзі өңдеу бөлшегін тесіп
өткенде, құралдың табанын өңдеу
бөлшегінің үстіне баяу түсіріңіз.
(4) Кесу жұмысын қалыпты түрде аяқтаңыз.
Жиектерді өңдеу
► Сурет16
Жиектерді кесу немесе өлшемдік реттеу жасау
үшін, қыл ара жүзін кесу жиектері бойынша сәл ғана
жүргізіңіз.
Металл кесу
Металл кесу кезінде әрдайым үйлесімді
салқындатқыш сұйықтықты (кесуге арналған
май) қолданыңыз. Әйтпесе жүз айтарлықтай
тозуы мүмкін. Өңдеу бөлшегінің төменгі жағын
салқындатқыш сұйықтық қолданбай, майлап қоюға
болады.
Шаң жою
► Сурет17: 1. Шаңнан қорғау қақпағы 2. Шланг
Таза кесу жұмыстарын осы құралды Makita
шаңсорғышына қосу арқылы орындауға болады.
Шаңсорғыш шлангісін құралдың артқы жағындағы
тесікке салыңыз. Жұмыс алдында шаңнан қорғау
қақпағын төмен түсіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
Көлбеу кесу кезінде шаң жою процедурасын
орындау мүмкін емес.
Бағыттаушы тақтайша (қосымша
керек-жарақ)
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Керек-жарақтарды орнатпас не алмас бұрын,
әрдайым құралдың өшірулі екендігіне және
қуаттан ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
1. Тікелей кесу
Б
а
а а
► Сурет18: 1. Бағыттаушы тақтайша (бағыттауыш
сызғыш)
Ені 160 мм немесе одан аз қайталама кесу
кезінде, бағыттаушы тақтайшаны пайдалану
жылдам, таза, тік кесуге мүмкіндік береді.
26 ҚАЗАҚША
1

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

432743284329

Table of Contents