Makita FS4000 Instruction Manual page 19

Drywall screwdriver
Hide thumbs Also See for FS4000:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ЕСКЕРТУ:
Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге қолайсыздық
тудырса да, осы өнімді қолдану кезінде қауіпсіздік
техникасы ережелерін қатаң түрде сақтау қажет.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
келтірілген қауіпсіздік ережелерін ДҰРЫС
ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау ауыр
жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың жұмысын реттемес және
тексермес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі
екендігіне және ажыратылғандығына көз
жеткізіңіз.
Тереңдікті реттеу
FS4000, FS4200, FS4300, FS6200,
FS6300, FS6300R үлгілері үшін
► Сурет1: 1. Тоқтатқыш сақина
Тереңдік тоқтатқыш сақинаны бұрау арқылы реттеледі.
Оны аз тереңдік үшін "B" бағытына, ал көбірек тереңдік
үшін "A" бағытына бұраңыз. Тоқтатқыш сақинаның бір
толық бұралуы тереңдіктің 2,0 мм-ге өзгеруіне тең.
FS4000X, FS4300X, FS6300X
үлгілері үшін
► Сурет2: 1. Құлыптау жалғастырғышы
Тереңдік құлыптау жалғастырғышын бұрау арқылы реттеледі.
Оны аз тереңдік үшін "A" бағытына, ал көбірек тереңдік үшін
"B" бағытына бұраңыз. Құлыптау жалғастырғышының бір
толық бұралуы тереңдіктің 1,5 мм-ге өзгеруіне тең.
барлық үлгілер үшін
Тоқтатқыш сақинаны тірек пен бұранда бастиегінің
арақашықтығы суретте көрсетілгендей шамамен 1 мм
болатындай етіп реттеңіз. Материалға немесе қосымша
материал бөлігіне сынама бұранданы бұрғылаңыз. Егер
тереңдік әлі де бұранда сыятындай болмаса, қажетті
тереңдікті орнатқанға дейін реттеуді жалғастырыңыз.
► Сурет3: 1. Тірек
► Сурет4: 1. Тірек
Ауыстырып-қосқыштың әрекеті
► Сурет5: 1. Ауыстырып-қосқыш шүріппесі
2. Құлыптау түймесі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды қоспас бұрын, әрдайым ауыстырып-
қосқыш шүріппесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына
және босатылған кезде "ӨШІРУЛІ" күйіне
қайтарылатынына әрқашан көз жеткізіп тұрыңыз.
Құралды іске қосу үшін, ауыстырып-қосқыш
шүріппесін жай басыңыз. Құралдың жылдамдығы
ауыстырып-қосқыш шүріппесіндегі қысымды
арттырған сайын артады. Тоқтату үшін ауыстырып-
қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
Үздіксіз жұмыс істеу үшін ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартып, құлыптау түймесін басыңыз.
Құралды құлыпталған күйден шығару үшін,
ауыстырып-қосқыш шүріппесін толығымен тартып,
босатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Құрал қосылып, мотор жұмыс істеп тұрса да,
ұштық ұшын бұранда бастиегіне орнатып,
қысқыны іске қосу үшін оны алға қарай
жылжытпағанға дейін ұштық айналмайды.
Шамдарды жағу
FS4200, FS4300, FS4300X, FS6200,
FS6300, FS6300R, FS6300X үлгілері
үшін
► Сурет6: 1. Шам
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Шамға немесе шам көзіне тікелей қарамаңыз.
Шамды жағу үшін, шүріппені тартыңыз. Сөндіру үшін,
шүріппені жіберіңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
Шамның линзасын тазалау үшін құрғақ
шүберекті пайдаланыңыз. Шамның линзасын
сызып алмаңыз немесе ол жарықтандыруды
төмендетуі мүмкін.
Ауыстырып-қосқыш жұмыс
бағытын кері айналдыру
► Сурет7: 1. Кері айналдыру ауыстырып-қосқыш
тетігі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмыс алдында әрдайым айналым бағытын
тексеріңіз.
Кері айналдыру ауыстырып-қосқышын
құрал толығымен тоқтағаннан кейін ғана
қолданыңыз. Құрал тоқтамас бұрын айналым
бағытын өзгерту құралдың зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
Бұл құралда айналым бағытын өзгерту үшін кері
айналдыру ауыстырып-қосқышы бар. Реверсивті
ауыстырып-қосқыш тетігі сағат тілімен айналу
үшін
күйіне (А жағы) немесе сағат тіліне қарсы
айналуы үшін
күйіне (B жағы) жылжытыңыз.
Ілмек
► Сурет8: 1. Ілмек
Ілмек құралды уақытша іліп қоюға ыңғайлы.
19 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents