Bosch Professional GKT 18V-52 GC Original Instructions Manual page 228

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
228 | Қазақ
Шпиндельді бұғаттау түймесін (28) ара шпинделі
u
тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (9) қысқыш бұранданы
(23) ➋ айналу бағытымен бұрап шығарыңыз.
– Қысқыш фланецті (24) және ара дискісін (25) ара
шпинделінен (27) шығарып алыңыз.
Ара дискісін монтаждау (A суретін қараңыз)
Максималды кесік тереңдігін реттеңіз, (қараңыз „Кесік
тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)", Бет 228).
Құралды алмастыру үшін электр құралын аккумулятор
орналасқан жағына қойған жөн.
– Иінтіректі (3) алға қайырыңыз.
– Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (2) алға
жылжытып, араны ара дискісін алмастыру күйіне
тірелгенше тірек тақтасына (8) кіргізіңіз.
– Ара дискісін (25) және монтаждалатын барлық қыспа
бөлшектерді тазалаңыз.
– Ара дискісін (25) тірек фланеціне (26) орнатыңыз.
Тістердің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі
бағыты) қорғаныш қаптамадағы (15) бағыт
көрсеткісімен бірдей болуы керек.
– Қысқыш фланецті (24) орнатыңыз және қысқыш
бұранданы (23) ➌ айналу бағытымен бұрап бекітіңіз.
Тірек фланецінің (26) және қысқыш фланецтің (24)
орнату күйі дұрыс болуын қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (28) басып тұрыңыз.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (9) қысқыш бұранданы
(23) ➌ айналу бағытымен бұрап бекітіңіз. Тарту
моменті 6–9 Нм құрауы керек, бұл қолмен бұрауға
қоса ¼ айналымға сәйкес келеді.
– Иінтіректі (3) кері қайырыңыз. Бұл ретте ара бастапқы
күйіне қайтып оралады.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
1 609 92A 4XT | (11.02.2020)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (I суретін
қараңыз)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (18) еркін
бұрауға болады.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (18) диаметрі
35 мм болатын сорғыш шлангіні немесе шаң/жоңқа
жинағыш қапты (51) жалғауға болады.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін жоңқаны
шығаруға арналған келте құбырды (18) жүйелі түрде
тазалап тұру қажет.
Сыртқы сорғыш
Диаметрі 35 мм шамасындағы сорғыш шлангіні (34)
(керек-жарақ) жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (18) енгізіңіз. Сорғыш шлангіні (34)
шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз. Осы
нұсқаулықтың соңында әртүрлі шаңсорғыштарға жалғау
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Жылжыманы (36) басып, қажетті кесік тереңдігін
(материал қалындығы + ара дискісі тістерінің биіктігі)
кесік тереңдігінің шкаласында (10) реттеңіз.
Кесік тереңдігінің индикаторы (7) Bosch бағыттауыш
шинасын пайдаланған кездегі кесік тереңдігін көрсетеді.
Бағыттауыш шинасыз аралау кезінде, кесік тереңдігінің
мәні Bosch бағыттауыш шинасының қалыңдығына
қатысты көтеріледі.
Еңіс бұрышын реттеу
Тірек тақтасы (8) толықтай тірелуі үшін, электр құралын
тегіс бетке қойыңыз.
(13) және (16) қатпарлы бұрандаларын босатыңыз.
Араны бүйірге қайырыңыз. Қажетті өлшемді шкалада
(11) орнатыңыз. (13) және (16) құлақты бұрандаларын
қайтадан бұрап бекітіңіз. Назар аударыңыз: бұл ретте
қосымша тұтқаға (4) немесе араға күш қолданбаңыз. Бұл
нұсқау орындалмаған жағдайда, (13) және (16) қатпарлы
бұрандалары арқылы әртүрлі еңіс бұрыштары орнатылуы
мүмкін. Нәтижесінде тірек тақтасы (8) FSN бағыттауыш
шинасында тегіс жатпайды.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents