Philips SpeedPro Manual page 6

Hide thumbs Also See for SpeedPro:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Проблема
Средний сегмент
дисплея мигает
белым, а нижний
сегмент дисплея
мигает красным
цветом.
Ручной пылесос с питанием от аккумулятора
FC6726
Встроенный аккумулятор Li-ion: 21,6B
блок питания: ZD12D290050EU
вход: 100-240В; 50/60Гц; 0,5А
Выход: 29В; 0,5A
Класс II
FC6722
Встроенный аккумулятор Li-ion: 18B
блок питания: ZD12D250050EU
вход: 100-240В; 50/60Гц; 0,5А
Выход: 25В; 0,5А
Класс II
Для бытовых нужд
Изготовитель: "Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.", Туссендиепен 4,
9206 АД, Драхтен, Нидерланды
Импортер на территорию России и Таможенного Союза: ООО
"ФИЛИПС", Российская Федерация, 123022 г. Москва, ул. Сергея
Макеева, д.13, тел. +7 495 961-1111
Сделано в Китае
Условия хранения, эксплуатации
Температура
Относительная влажность
Атмосферное давление
Қазақша
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша пайдалану
құжаттамасын
Құрылғыны және оның аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды
ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қамтамасыз етілген аксессуарлар әр түрлі өнімдер үшін өзгеше болуы
мүмкін.
Қауіпті жағдайлар
-
Ешқашан суды немесе басқа сұйықтықты сорғызбаңыз.
-
Тұтанғыш заттарды ешқашан сорғызбаңыз.
-
Құралды немесе адаптерді суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа
ешқашан батырмаңыз және ағынды судың астына шаймаңыз.
Абайлаңыз
-
Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті
розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
-
Құралды пайдаланудың алдында оны әрқашан тексеріңіз. Егер құрал
немесе адаптер зақымдалған болса, оларды қолданбаңыз. Зақымдалған
бөлшекті әрдайым түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
-
Адаптерде трансформатор бар. Басқа ашамен ауыстыру үшін, адаптерді
кеспеңіз, бұл қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
-
Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл
құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене, сезу
немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдарға пайдалануға болады. Балалар құралмен ойнамауы керек.
Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету қызметтерін
бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
-
Магниттік зарядтау дискісін үнемі өте кішкентай балалардан алыс
ұстаңыз.
-
Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан
ажырату керек.
-
Егер құралы бірақ уақыт пайдаланылмаса, адаптерді ажыратыңыз.
-
Моторлы щетканың басқа құралдардың желілік сымдарының үстімен
қозғалуына жол бермеңіз, себебі бұл қауіпті болуы мүмкін.
-
Бос киімді, шашты және дене бөліктерін моторлы щеткалардан алыс
ұстаңыз.
-
Құрал істеп тұрғанда желдету саңылауларын жаппаңыз немесе
құлыптамаңыз.
-
Зақымдап алмас үшін, шаң контейнерінде сүзгі жоқ болған жағдайда
құралды пайдаланбаңыз.
-
Құрылғы істеп тұрғанда ауа кірісін құлыптамаңыз.
-
Бұл құралда тек білікті тұлғамен ауыстырылатын, қайта зарядталатын
батарея бар. Қайта зарядталатын батареяны ауыстыру үшін құрылғыны
ашпаңыз.
-
Қайта зарядталатын батареяны тек білікті қызмет инженерлері
ауыстыруы мүмкін. Енді қайта зарядтау мүмкін болмағанда немесе қуаты
жылдам таусыла бастағанда батареясын ауыстыру үшін құралды өкілетті
Philips қызмет орталығына апарыңыз.
-
Құрылғы зақымдалса, оны зарядтауға болмайды.
-
Құрылғыны 40 °C-тан жоғары немесе 5 °C-тан төмен температурада
зарядтауға немесе сақтауға болмайды.
-
Құралды температурасы 40 °C-тан жоғары бөлмеде пайдаланбаңыз.
-
Құралды теспеңіз, бөлшектемеңіз немесе оны температурасы 60 °C-тан
жоғары жерлерге қоймаңыз. Қызып кетсе, зарядталатын батарея
жарылуы мүмкін.
-
Бұл шаңсорғыш тек тұрмыстық қолданысқа арналған. Бұл шаңсорғышты
құрылыс қалдығын, цемент шаңын, күлді, ұсақ құмды, әкті және ұқсас
заттарды соруға пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты сүзгілерсіз қолдануға
болмайды. Моторға зақым келуі, сондай-ақ шаңсорғыштың қызмет
мерзімін қысқартуы мүмкін. Шаңсорғыштың барлық бөлшектерін
әрдайым пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей тазалаңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілген болмаса, ешқандай
бөлшектерін сумен және/немесе тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Абайлаңыз
-
Құралды тек қана адаптердің көмегімен зарядтаңыз. Тек 25 В
ZD12D250050 немесе 29 В ZD12D290050 адаптерін пайдаланыңыз.
Адаптерден тиісті адаптер нөмірін табуға болады.
-
Зарядталып жатқанда адаптер шамалы ысып кетеді. Бұл қалыпты
жағдай.
-
Құралды розеткаға қосуды, ажыратуды немесе пайдалануды ылғалды
қолдармен орындамаңыз.
-
Адаптерді сымынан (сурет 1) тартумен қабырға розеткасынан алмаңыз.
Зарядтауға арналған зарядтау станциясын пайдаланбаған кезде
магниттік зарядтау дискісін құрылғыдан (сурет 2) ажырату арқылы
құрылғыны үнемі розеткадан ажыратыңыз.
-
Қолданып болған соң және зарядтамас бұрын, құралды әрдайым өшіру
керек.
-
Шаңды сорғызып жатқанда, пайдаланылған ауаны шығаратын тесіктерді
жаппаңыз.
-
Шаң контейнерін және шаң контейнері қақпағын ыдыс жуу машинасында
тазаламаңыз. Оларды ыдыс жуу машинасында жууға болмайды.
-
Үздік өнімділікті қамтамасыз ету үшін сүзгіні кемінде екі аптада бір рет
жуыңыз.
-
Сүзгіні қыратын шүберектермен немесе абразивті тазалау құралдарымен
тазалауға болмайды.
-
Шаңсорғышты үнемі жиналған сүзгімен қолданыңыз.
-
Сүзгіні сумен тазаласаңыз, шаң контейнеріне қайта салар алдында оның
толығымен құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз. Сүзгіні тікелей күн сәулесінде,
радиаторда немесе кептіргіш барабанда кептірмеңіз.
-
Сүзгіні қайтып дұрыстап тазалау мүмкін болмаса немесе зақымданса
(көріңіз 'Керек-жарақтарға тапсырыс беру'), оны ауыстырыңыз.
-
Құралды тек 5 °C және 40 °C аралығындағы температурада қолданыңыз
және сақтаңыз.
-
Құралдың қабырғаға тіркелген зарядтау станциясымен пайдаланушы
нұсқаулығындағы нұсқауларға сай орнатылғанын тексеріңіз.
-
Ток соғу қаупін болдырмау үшін зарядтау станциясын тіркеу мақсатында
қабырғада тесік жасаған кезде абай болыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Керек-жарақтарға тапсырыс беру
Керек-жарақтарды немесе қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін,
www.philips.com/parts-and-accessories сайтына кіріңіз немесе Philips
дилеріне хабарласыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыға
қолдау көрсету орталығына хабарласа аласыз (байланыс мәліметтерін
халықаралық кепілдік парақшасынан қараңыз).
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support
сайтына кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Өңдеу
-
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға
болмайтынын білдіреді (2012/19/EU) (сурет 3).
-
Бұл белгі осы өнімде күнделікті үй қоқыстарымен (сурет 4) бірге тастауға
болмайтын кірістірілген қайта зарядталатын батарея бар екенін білдіреді
(2006/66/EC). Зарядталатын батареяны кәсіби түрде алу үшін, өнімді
ресми жинау орнына немесе Philips қызмет көрсету орталығына
апарыңыз.
-
Электрондық және электр өнімдері мен қайта зарядталатын
батареяларды бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз.
Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін
тигізбеуге көмектеседі.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Өнімді тастау кезінде қайта зарядталатын батареяны ғана алып
тастаңыз. Батареяны алу алдында өнім қабырға розеткасынан
ажыратылғанын және батарея заряды толығымен таусылғанын
тексеріңіз.
Возможная
причина
Устройство
хранится или
заряжается при
температурах ниже
5 °C.
Способы решения
Переместите устройство в
более теплое помещение.
Не храните и не заряжайте
устройство при
температурах ниже 5 °C или
выше 40 °C.
5 °C - 40 °C
20 % - 95 %
85 - 109 kPa

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc6726Fc6722Fc6722/61Fc6726/61

Table of Contents