Hilti BX 3-BT Manual page 333

Hide thumbs Also See for BX 3-BT:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
3.2
Мақсатына сай қолдану
Өнім қолмен басқарылатын аккумуляторлық қондыру құралы болып табылады. Ол ирек оймалы
шпилькаларды (X-BT) болатқа қондыруға арналған. Тек рұқсат етілген ирек оймалы шпилькаларды
арнайы бекіту бағыттауышымен бірге қолданыңыз.
Қондыру құралы, аккумулятор мен ирек оймалы шпилькалар техникалық жиынды құрайды. Тек Hilti
компаниясы аспап үшін арнайы өндірген ирек оймалы шпилькаларды және Hilti ұсынған зарядтағыш
құрылғылар мен аккумуляторларды пайдаланыңыз. Осы шарттарды сақтағанда Hilti компаниясы берген
бекіту және қолдану бойынша ұсыныстар ғана қолданылады.
▶ Қондыру құралын тек қолмен пайдалануға рұқсат беріледі.
▶ Қате қолданыстар есепке алынбайды. Қате қолданысқа X­BT элементін бекіту бағыттауышына
енгізбей босату әрекеті жатады.
▶ Бұл өнім үшін тек B 22 қатарындағы Hilti Li-Ion аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
▶ Аталған аккумуляторлар үшін тек C 4/36 сериялы Hilti зарядтағыш құрылғысын пайдаланыңыз.
3.3
Bluetooth
Өнім Bluetooth интерфейсімен жабдықталған. Аккумулятор орнатылып, қондыру құралы қосу/өшіру
түймесімен қосылған соң, Bluetooth арқылы сымсыз байланыс орнатуға болады.
Аспап күту режиміне ауысқан немесе қондыру құралы қосу/өшіру түймесімен өшірілген соң, деректер
тағы үш сағат бойы тасымалданып тұрады.
Белсенді Bluetooth қосылымын ажырату үшін, жарық диодты индикатор екі рет көк түспен жанғанша
қосу/өшіру түймесін кем дегенде 5 секунд басу керек.
Аккумулятор шығарылғанда бұдан былай ешқандай деректер тасымалданбайды.
Bluetooth мүмкіндігі кейбір нарықтарда қолжетімсіз.
3.4
Күй индикаторы
Күй индикаторы қондыру құралының күйі туралы мәліметтер береді.
Құралдың бөлшектерi
Өшірулі
Жарық диоды жасыл түспен жанады.
Жарық диоды 3 секунд бойы жасыл түспен
жыпылықтайды.
Жарық диоды жасыл түспен үздіксіз
жыпылықтайды.
Жарық диоды қызыл түспен жыпылықтайды.
Жарық диоды қызыл түспен жанады.
Жарық диоды сары түспен жыпылықтайды.
3.5
Аккумулятор заряды күйінінің индикаторы
Аккумуляторды босату түймесін басқан кезде, аккумулятор зарядының күйін көрсететін дисплей пайда
болады.
Орнату әрекетінің барысында және одан кейін зарядтау күйін шақыруға рұқсат етілмейді.
Құралдың бөлшектерi
Барлық төрт жарық диоды жасыл түспен
жыпылықтайды.
Үш жарық диоды жасыл түспен жанады.
Екі жарық диоды жасыл түспен жанады.
Бір жарық диоды жасыл түспен жанады.
*2209576*
Сипаттамасы
Қондыру құралы өшірілген
Қондыру құралы қосылған және пайдалануға
дайын
Қондыру құралы күту режимінде, аспаптың
шығыңқы жері басылғанда қондыру құралы
қосылады
Қондыру құралы қызып кетті немесе
аккумулятор заряды төмен, ақаулықтар кестесін
қараңыз
Аспап ақаулығы, ақаулықтар кестесін қараңыз
Аспап ақаулығы, ақаулықтар кестесін қараңыз
Аспапты Hilti қызмет көрсету орталығына
апарыңыз.
Сипаттамасы
Зарядтау күйі 75% және 100% аралығында.
Зарядтау күйі 50% және 75% аралығында.
Зарядтау күйі 25% және 50% аралығында.
Зарядтау күйі 10% және 25% аралығында.
2209576
Қазақ
329

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents