Жад картасын шифрлау
Жад картасында сақталған деректерді шифрлауға және қорғауға
болады. Жад картасында шифрланған деректерге басқа құрылғыдан
қатынасуға болмайды.
1
Баптаулар Баптаулар Құлыптау экраны және қауіпсіздік
Шифрлау және тіркелгі деректері SD карта сақтау орнын
шифрлау. тармағын түртіңіз.
2
Жад картасын шифрлау туралы экрандағы шолуды оқып шығып,
жалғастыру үшін ЖАЛҒАСТЫРУ опциясын түртіңіз.
3
Опцияны таңдап, ШИФРЛАУ пәрменін түртіңіз.
Жаңа файл шифрлау: Шифрлаудан кейін жад картасына
•
сақталған деректерді ғана шифрлау.
•
Толық шифрлау: Ағымдағы жад картасында сақталған барлық
деректерді сақтау.
•
Мультимедиа файлдарын шығару: Музыка, фотосуреттер мен
бейнелер сияқты мультимедиа файлдарынан басқа файлдардың
барлығын шифрлау.
•
Жад картасын шифрлау үшін экран құлпы PIN немесе құпия сөз
арқылы орнатылғанын тексеріңіз.
•
Жад картасын шифрлау процесі басталғаннан кейін, кейбір
функциялар қолжетімсіз болады.
•
Шифрлау барысында құрылғыны өшірсеңіз, шифрлау процесі
орындалмайды және кейбір деректер зақымдалуы мүмкін.
Сондықтан, шифрлауды бастамас бұрын батарея зарядының
деңгейі жеткілікті екенін тексеріңіз.
•
Шифрланған файлдарға шифрлау орындалған құрылғыдан ғана
қатынасуға болады.
•
Шифрланған жад картасын LG компаниясының басқа
құрылғысында пайдалануға болмайды. Шифрланған жад картасын
басқа мобильді құрылғыда пайдалану үшін картаны форматтаңыз.
•
Жад картасы құрылғы ішіне салынған болмаса да жад картасының
шифрлануын іске қосуға болады. Шифрлау процесінен кейін
орнатылған кез келген жад картасы автоматты түрде шифрланады.
Негізгі функциялар
84