Батареяны тиімді пайдалану
Көптеген қолданбалар мен функциялар бір мезгілде және үдіксіз жұмыс
істеген жағдайда, батареяның қызмет ету мерзімі төмендеуі мүмкін.
Батареяның қызмет ету мерзімін арттыру үшін, фондық операцияларды
тоқтатыңыз.
Батареяның жұмсалуын төмендету үшін келесі кеңестерді орынаңыз:
•
Bluetooth немесе Wi-Fi желі функциясын пайдаланбаған кезде өшіріп
қойыңыз.
•
Экранның үзіліс уақытын мүмкіндігінше қысқа етіп орнатыңыз.
•
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
•
Құрылғы пайдаланылмаса, экран құлпын орнатыңыз.
•
Жүктеп алынған қолданбаларды пайдалану кезінде батарея
зарядының деңгейін тексеріңіз.
Сенсорлық экран
Сенсорлық экранның қимылдарын пайдаланып, құрылғыңыздың басқару
жолы арқылы өзіңізді тануға болады.
Түрту
Қолданба немесе опцияны таңдау немесе іске қосу үшін, саусағыңыздың
ұшымен сәл ғана түртіңіз.
Негізгі функциялар
66