Google Lens
Google Lens қолданбасын пайдаланып, тікелей өз құрылғыңыздан
көрнекті белгілер, хабарландырулар, мейрамхана мәзірлері, жануарлар,
өсімдіктер немесе штрих-кодтар бойынша қосымша ақпарат алуға
немесе әрекеттер жасауға болады.
Мысалы, Google Lens қолданбасын келесілер бойынша қолданған кезде:
•
Визит карточкасы: Телефон нөмірін немесе мекенжайды
контактілерге сақтап алуға болады.
•
Кітап: Бұл туралы пікірлер және басқа да мәліметтер ала аласыз.
•
Көрнекті орын немесе ғимарат: Бұл туралы қосымша мәлімет ала
аласыз.
•
Мұражайдағы сурет: Бұл туралы мәлімет ала аласыз.
•
Өсімдік немесе жануар: Бұл туралы көбірек біле аласыз.
•
Флайер немесе жарнама тақтасы: Оқиғаны күнтізбеңізге қоса аласыз.
•
Google Lens мүмкіндігі құрылғыңыз интернетке қосылып тұрғанда
ғана қолжетімді. Ұялы деректерді пайдалансаңыз, тарифтік
жоспарға байланысты деректерді қолдану үшін ақы алынуы
мүмкін.
•
Бұл функцияға қолда көрсетілмеуі немесе қолдау көрсетілген
тілдер қызмет көрсету аймағына байланысты өзгешеленуі мүмкін.
Google Lens мүмкіндігін пайдалану
1
Google Lens белгішесін басыңыз.
2
Камераңызды нысанға бағыттаңыз.
3
Мәлімет алу немесе өңдеу үшін:
•
Экрандағы нысанды түртіңіз.
•
Мәтін таңдау үшін: Сөзді басып, қайта түртіңіз де, көк нүктелерді
сүйреңіз.
Сөйлеу опциясын басыңыз. Төмендегідей сұрақ қойыңыз немесе
пәрмен беріңіз:
•
Бұл не?
•
Затты атаңыз
•
Мұны Google Keep қызметіне қосыңыз
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
15