Пайдалану; Кию; Шешу; Техникалық Қызмет Көрсету - MSA OptiVizor Instructions For Use Manual

Hide thumbs Also See for OptiVizor:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
KZ
баудың өлшемін 52-ші жəне 64-ші өлшемдер арасында лайықтауға болады. Күнқағар жоғары
қараған күйде қалатындай етіп, екі бүйірдегі тарту бұрамаларын лайықтаңыз.
Ескерту:
Егер қалпағы немесе ауа түтігі бүлінген болса жабдықты пайдаланбаңыз, ауа жылыстауына себеп
болатын жарықшасы, тесігі немесе жыртығы жоқ екенін тексеріңіз.
3. Пайдалану
3.1 Кию
Түтік пен желдеткіш құрылғының арасында дұрыс бағыттап, түтікті жалғаңыз (суреттерді
қараңыз).
OptiVizor құрылғысын тек OptimAir 3000 іске қосулы тұрғанда ғана киіңіз!
Күнқағарды беттен төмен қарай тартыңыз да, серпімді бет тұмшалауышын иектің астына
келтіріңіз. Егер қажет болса, бет пен күлапараның арасында саңылау болмайтындай етіп
ыңғайлы лайықтаңыз, күлапараның серпімді жиектері теріге əсіресе беттің құлаққа жақын
жерлеріне тығыз жабысуын қамтамасыз ету керек.
Тыныс алу түтігі арқадан бос салбырап тұратындай жəне шатысып не ілмектеліп
қалмайтындай жəне байқаусызда қысылып қалмайтындай етіп реттеңіз.
3.2 Шешу
Пайдаланып болғаннан кейін қатерлі аймақ тазартылғанша OptimAir 3000 құрылғысын
ажыратпаңыз жəне күнқағарды шешпеңіз. Күнқағарды шешіңіз, OptimAir 3000 құрылғысын
ажыратыңыз да, түтікті ағытыңыз.
4. Техникалық қызмет көрсету
4.1 Тазалау
OptiVizor құрылғысын жұмсақ сабынды жылы сумен немесе рұқсат етілген
зарарсыздандырғышпен тазалап (тазартқыш заттар қолданбау керек), таза сумен мұқият шаю
қажет.
Күнқағарды ысқылап сүрту үшін тек жұмсақ мата қолданыңыз. Күнқағарға сызат түсіруден сақ
болыңыз.
Түтікті тек сыртта ғана тазалау керек. Тек бөлме температурасында кептіру керек.
Назар аударыңыз:
Қандай да бір бүлінген құралас бөлшектерін ауыстыру керек
4.2 Техникалық қызмет көрсету
Дəнекерлеу қалқанының пайдалы мерзіміне ыстық, суық, химиялық заттар мен күн жарығы əсер
етеді. Күнқағардың қорабында жарылған, осал, сынған, ұсақ жарықшақ түскен, түсі кеткен немесе
əк көрінетін жерлері болмауын күн сайын тексеріп отырыңыз. Жоғарыда көрсетілген жайттардың
кез келгені соққыға төзімділігінің жоғалғанын білдіреді, сондықтан құралас бөлікті айыстыру керек.
Дəнекерлеу қалқаны керек-жарақ түрінде болады. Оны салу үшін бүйірдегі тарту бұрамаларын
ағытып алыңыз да, дəнекерлеу күнқағары жинағында болатын тығырық пен түймешіктерді
ауыстырыңыз (суреттерді қараңыз).
4.3 Сақтау
Əрқашан да оны салқын əрі қараңғы жерде, өзінің қорабында сақтаңыз. Сақтаған кезде
құраластарының қисаюына жол бермеңіз.
24
OptiVizor / OptiVizor W

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Optivizor w

Table of Contents