Қосалқы Құрылғыларға Тапсырыс Беру; Қайта Зарядталатын Батареяларды Алу; Кепілдік Және Қолдау Көрсету - Philips MG7730 Manual

Hide thumbs Also See for MG7730:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
4 Кескіш элемент пен тарақты жылы ағын сумен тазалаңыз.
5 Артық суды шайқап төгіп, барлық бөлшектерін ауада толығымен
кептіріңіз.
Мұқият тазалау
1 Құралды өшіріп, қабырға розеткасынан суырыңыз.
2 Құралдың тұтқасын құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
3 Тарақты немесе кесу элементін құрылғыдан алыңыз.
4 Шаш камерасына жиналған шаштарды берілген тазалау щеткасымен
кетіріңіз.
5 Кесу элементтеріне және/немесе тарақтарға жиналған шаштарды
берілген тазалау щеткасымен кетіріңіз.
6 Кесу элементтерін жылы ағын сумен тазалаңыз.
7 Тарақтарды жылы ағын сумен тазалаңыз.
8 Артық суды шайқап төгіп, барлық бөлшектерін ауада толығымен
кептіріңіз.
Мұрын триммерін тазалау
Пайдаланудан кейін бірден және мұрын триммері басында көп шаш немесе
кір жиналып қалса, мұрын триммерін бірден тазалаңыз.
1 Мұрын триммері басын ыстық сумен шайыңыз.
2 Қажетсіз шаштарды кетіру үшін, құрылғыны қосып, мұрын триммері
басын тағы бір рет шайыңыз. Одан кейін құрылғыны қайта өшіріңіз.
Толығымен тазалау үшін, мұрын триммері басын жылы сулы ыдысқа
бірнеше минутқа батырып, одан кейін ауыр шашты/қоқысты кетіру үшін
құрылғыны қосыңыз.
3 Артық суды шайқап төгіп, барлық бөлшектерін ауада толығымен
кептіріңіз.
Дәлдік ұстарасын тазалау
1 Дәлдік ұстарасын әрбір жағындағы ойықтарда ұстап, үстіңгі бөлігін
астыңғы бөлігінен тартып шығарыңыз.
2 Дәлдік ұстарасы ішіне жиналып қалған шашты үрлеп және/немесе сілкіп
шығарыңыз.
Қыратын фольгадан шашты кетіру үшін, тазалау щеткасын
пайдаланбаңыз.
3 Дәлдік ұстарасының үстіңгі бөлігін жылы ағын суда тазалаңыз.
4 Артық суды шайқап төгіп, барлық бөлшектерін ауада толығымен
кептіріңіз.
5 Үстіңгі бөлігін дәлдік ұстарасының төменгі бөлігіне қайта тіркеңіз.
Денеге арналған ұстараны тазалау
1 Тері протекторын ұстарадан шығарыңыз.
2 Тері протекторы мен дене ұстарасын жылы ағын сумен тазалаңыз.
Ұстарадан немесе тері протекторынан шашты кетіру үшін, тазалау
щеткасын пайдаланбаңыз.
3 Артық суды шайқап төгіп, екі бөлшекті ауада толығымен кептіріңіз.
4 Тері протекторын дене ұстарасына қайта тіркеңіз.
Сақтау
-
Құралды берілген дорбасында сақтаңыз.
Ескертпе: Құрылғыны қалтаға сақтау алдында кептіріңіз.
Қосалқы құрылғыларға тапсырыс беру
Қосалқы құрылғылар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін,
www.shop.philips.com/service сайтына кіріңіз немесе Philips дилеріне
барыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік
парақшасынан қараңыз).
Өңдеу
-
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға
болмайтынын білдіреді (2012/19/EU).
-
Бұл белгі осы өнімде күнделікті үй қоқыстарымен бірге тастауға
болмайтын кірістірілген қайта зарядталатын батарея бар екенін білдіреді
(2006/66/EC). Зарядталатын батареяны кәсіби түрде алу үшін, өнімді
ресми жинау орнына немесе Philips қызмет көрсету орталығына
апарыңыз.
-
Электрондық және электр өнімдері мен қайта зарядталатын
батареяларды бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз.
Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін
тигізбеуге көмектеседі.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Өнімді тастау кезінде қайта зарядталатын батареяны ғана алып
тастаңыз. Батареяны алу алдында өнім қабырға розеткасынан
ажыратылғанын және батарея заряды толығымен таусылғанын
тексеріңіз.
Өнімді ашу үшін құралдарды қолдану кезінде және қайта зарядталатын
батареяны қоқысқа тастау кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын
орындаңыз.
1 Құралдың алдыңғы немесе артқы жағында бұрандалардың бар-жоғын
тексеріңіз. Бар болса, алып тастаңыз.
2 Құралдың артқы және/немесе алдыңғы панелін жалпақ басты
бұрауышпен алып тастаңыз. Қажет болғанда қайта зарядталатын
батареямен басып шығарылған тізбек тақтасы көрінгенше қосымша
бұрандаларды және/немесе бөлшектерді алып тастаңыз.
3 Қайта зарядталатын батареяны алыңыз.
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support
сайтына кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Кепілдік шектеулері
Халықаралық кепілдік шарттары бойынша, тозатын зат болғандықтан, кесу
бөлігіне кепілдік берілмейді.
 

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Mg7710Mg7720Mg7715

Table of Contents