Panasonic CF-30KTP15AW Read Me First page 164

Personal computer. cf-30 series; cf-30k series
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қолданудан бұрын оқыңыз
Құлаққаптар қолданған кезде дыбысты өте қатты қоймаңыз
Есту мүшелерінің шамадын тыс тітіркенуіне əкелетін құлаққаптарды
жоғарғы дыбыста ұзық уақыт бойы тыңдау есту қабілетінің
жоғалуына əкелуі мүмкін.
Модемді стандартты телефон желісіне жалғаңыз
Компьютердің компания немесе іскери кеңседегі жəне т.б. ішкі
телефон желісіне (жергілікті коммутаторларды қолданатын) немесе
сандық телефон желісіне немесе компьютердің қолданысы жоқ
елде немесе аймақта пайдаланылуы өрттің пайда болуына немесе
электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Көрсетілген телефон желісі немесе желілік кабелден басқа
біреулерін жергілікті желі портына жалғамаңыз
Жергілікті желі портының төменде тізілген желілердің біреуіне
жалғануы өрт немесе электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
1000BASE-TX, 100BASE-TX немесе 10BASE-T басқа желілер
телефон желілері (кəдімгі телефон желілері, ішкі телефон
желілері (жергілікті коммутаторларды қолданатын), ортақ
қолданыстағы сандық телефон желілері жəне т.б.)
Сақтық шаралары (батареялар блогы)
Басқа өніммен бірге пайдаланбаңыз
Батареялар блогын қайта толықтыруға болады жəне аталған
өніммен қолдануға арналған. Жобаланған өнімнен басқа
біреуімен бірге қолданған болса, электролиттің ағуы, ыстықтың,
жалынданудың немесе жарылыстың пайда болуы мүмкін.
Батареяны көрсетілген əдістен басқасын қолданып
толықтырмаңыз
Егер батарея көрсетілген əдістердің біреуі арқылы
толықтырылмаса, электролиттің ағуы, ыстықтың, жалынданудың
немесе жарылыстың пайда болуы мүмкін.
Батареялар жинағын отқа лақтырмаңыз немесе шамадан тыс
ыстықтың əсеріне ұшыратпаңыз
Ыстықтың, жалынданудың немесе жарылыстың орын алуы мүмкін.
Шамадан тыс ыстықтың (мысалы, оттың маңайы, тіке күн
сəулесі) əсер етуін болдармаңыз
Электролиттің ағуы, ыстықтың, жалынданудың немесе
жарылыстың орын алуы мүмкін.
Батареялар жинағына үшкір бұйымдарды салмаңыз,
қатты соққыларды болдырмаңыз, бөлшектемеңіз немесе
түрлендірмеңіз
Электролиттің ағуы, ыстықтың, жалынданудың немесе
жарылыстың орын алуы мүмкін.
Позитивті (+) жəне негативті (-) контакттарды тұйықтамаңыз
Ыстықтың, жалынданудың немесе жарылыстың орын алуы мүмкін.
Батареялар жинағын тасу немесе сақтау кезінде алқа немесе
түйрегіштер сияқты бұйымдармен бірге салмаңыз.
Компьютерді көрсетілген батареялар жинағынан басқа
біреуімен бірге пайдаланбаңыз
Компьютерді көрсетілген батареялар жинағымен (CF-VZSU46U)
бірге пайдаланыңыз. Panasonic компаниясы шығаратын немесе
жеткізетін батареялар жинақтарынан өзге біреулерін пайдалану
қауіпсіздікке əсер етуі мүмкін (ыстықтың, жалынданудың немесе
жарылыстың пайда болуы).
Батареялар жинағының сапасы төмендеген жағдайда оны
жаңа жинақпен ауыстырыңыз
Сапасы төмендеген батареялар жинағын ұзақ пайдалану ыстықтың
үлкен мөлшерде шығарылуына, өрт шығуына жəне жинақтың
бұзылуына немесе жарылуына əкелуі мүмкін.
Батареялар жинағының клеммаларына қол тигізбеңіз.
Контакттардың ластануы немесе бүлінуі батареялар жинағы
жұмысының бұзылуына əкелуі мүмкін.
Батареялар жинағына судың немесе ылғалдың тиюін
болдырмаңыз.
Егер батареялар жинағы ұзақ уақыт бойы (бір ай немесе одан
да көп) қолданылмайтын болса, батареялар блогын батарея
деңгейі 30% дан 40% болатындай етіп толықтырыңыз немесе
ажыратыңыз (қолданыңыз) жəне салқын, əрі құрғақ жерде
сақтаңыз.
164
Компьютердің ұзақ уақыт бойы ашық терімен пайдаланылуын
болдырмаңыз
Компьютер немесе айнымалы ток адаптерінен шыққан ыстықтың
ұзақ уақыт бойы теріге əсер ететін жағдайда пайдалану төменгі
температуралық күйікке əкелуі мүмкін.
Компьютерді телевизор немесе радиоқабылдағыш жанына
орнатпаңыз.
Компьютерді магниттер жанына орнатпаңыз. Қатты дисктегі
деректердің жоғалып кету қаупі болады.
Интерфейстік кабель
3 метрден ұзын интерфейстік кабельді қолдануға кеңес
берілмейді.
Бұл компьютер, толықтыру деңгейі шамамен сыйымдылықтың
95% азайған кезде, батареяның шамадан тыс толығуын
болдырмау қызметімен жабдықталған.
Алғаш сатылып алынған кезде компьютердің батареялар
жинағын толықтырылмаған болып келеді. Алғашқы рет
қолданудан бұрын оны толықтыруды ұмытпаңыз. Айнымалы ток
адаптері компьютерге жалғанған кезде, толықтыру автоматты
түрде басталады.
Батарея ағып кеткен жəне сұйықтық көзге тиген жағдайда,
көздеріңізді уқаламаңыз. Көздеріңізді лезде таза сумен
шайыңыз жəне мүмкіндігінше жылдам медициналық көмек
алыңыз.
ЕСКЕРТУ
Толықтыру немесе қалыпты жағдайда пайдалану кезінде
батарея жинағы қызуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Егер батарея жинағының ішкі температурасы рұқсат
етілген температуралық шамадан (0 °C тан 50 °C) тыс
болса, толықтыру басталмайды.
(
Reference Manual "Battery Power") Температура
рұқсат етілген шамаға оралған соң, толықтыру автоматты
түрде басталады. Толықтыру уақытының қолдану
жағдайына байланысты екенін ұмытпаңыз. (Температура
10 °C немесе төмен болған кезде толықтыру уақыты
ұзарады.)
Температура төмен болған жағдайда, батареядан жұмыс
жасау уақыты қысқарады. Компьютерді рұқсат етілген
температура шамасында ғана қолданыңыз.
Бұл компьютер жоғары температуралы ортада батарея
параметрлерінің нашарлауын болдырмайтын жоғары
температуралық жағдайда жұмыс істеу қызметімен
жабдықталған.
(
Reference Manual "Battery Power") Жоғары
температуралық жағдайдағы 100% зарядқа тең деңгей
қалыпты температура жағдайындағы 80% заряд деңгейіне
тең.
Батареялар жинағы тұтыну бұйымы болып табылады. Егер
компьютердің батареядан жұмыс жасау уақыты едəуір
қысқарса жəне қайта толықтыру қолдану параметрлерін
қалпына келтірмесе, жинақты жаңасымен алмастырыңыз.
Қосалқы батареялар жинағын қорапта, портфельде жəне
т.б. тасымалдау кезінде контакттарды қорғау үшін пластик
пакетке салу кеңесі беріледі.
Қолданбаған кезде компьютерді үнемі ажыратып жүріңіз.
Айнымалы ток адаптері жалғанбаған кезде компьютерді
қосулы қалдыру батареяның қалған сыйымдылығын
азайтады (
Reference Manual "LAN").

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Cf-30ltp15aw

Table of Contents