Bosch GLL 3-15 X Professional Original Instructions Manual page 49

Hide thumbs Also See for GLL 3-15 X Professional:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
OBJ_BUCH-2751-003.book Page 49 Monday, June 20, 2016 10:34 AM
Қауіпсіздік нұсқаулары
Өлшеу құралын қауіпсіз және сенімді
пайдалану үшін барлық нұсқауларды
мұқият оқып, жұмыс барысында еске-
ріңіз. Өлшеу құралын осы нұсқауларға
сай пайдаланбау өлшеу құралындағы
кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер
етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін
қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ
ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА
ҰСЫНЫҢЫЗ.
 Абай болыңыз – егер осы жерде берілген
пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа
құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері
орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
мүмкін.
 Өлшеу құралы ескерту тақтасымен жабдықталған
(өлшеу құралының суретінде графика бетінде 5
нөмірімен белгіленген).
IEC 60825-1:2014-05
<1mW, 630-650 nm
 Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тіліде
болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның
орнына сіздің еліңіз тілінде болған жапсырманы
жабыстрыңыз.
Лазер сәулесін адам немесе
жануарларға бағыттамаңыз және
өзіңіз де тікелей немесе шағылған
лазер сәулесіне қарамаңыз. Осылай
адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін,
сәтсіз оқиғаларға алып келуі және көзді
зақымдауы мүмкін.
 Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып
басты сәуледен ары қарату керек.
 Лазер құрылығысында ешқандай өзгертуды
орындамаңыз.
 Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол
лазер сәулесінен қорғамайды.
 Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
 Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал
қауіпсіздігін сақтайсыз.
 Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз
пайдаланбасын. Олар білмей адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Bosch Power Tools
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын
пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып,
шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралын кардиостимулятор
жанына қоймаңыз. Өлшеу құралының
ішіндегі магнит арқылы кардиостимулятор
жұмысына әсер ететін өріс жасалады.
 Өлшеу құралын магнитті дерек тасымалдаушылар
мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз.
Магнит әсері қалпына келтіріп болмайтын деректер
жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең сызықтар, тік сызықтар және
препендикуляр негізі көмегімен нивелирлеу жұмысына
арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
1 Лазер сәулесінің шығыс тесігі
2 Батарея бөлімі қақпағының құлпы
3 Батарея бөлімі қақпағы
4 Сериялық нөмір
5 Лазер ескерту тақтасы
6 Өлшеу құралының бекіткіш ойықтары
7 Қосқыш/өшіргіш
8 Бұрама платформаның ватерпасы
9 Штатив патроны 5/8"
10 Бұрама платформаның биіктігін реттеу бұрандамасы
11 Бұрама платформаның дәл реттеу бұрандамасы
12 Айналатын платформа
13 Бұрама платформаның бекіткіш ойықтары
14 Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу
индикаторы
15 Жұмыс индикаторы/батарея ескертуі
16 Вертикалды жұмыс пернесі
17 Горизонталды жұмыс пернесі
18 Өлшеу пластинасы аяқпен*
19 Таған*
20 Қорғайтын қалта
21 Лазер көру көзілдірігі*
* Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды.
Қaзақша | 49
1 609 92A 301 | (20.6.16)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents