Download Print this page

Kärcher WD 3 Operating Instructions Manual page 149

Hide thumbs Also See for WD 3:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 10
Сурет
Тек бір рет қолданылатын бұйымдар үшін:
 Нұсқау: Еденнен құрғақ қоқыс не суды сору
үшін əрқашан еден сору шүмегіндегі
ендірмемен (қылтарақ жолақтары жəне резеңке
губка) жұмыс істеңіз.
Екі рет қолданылатын бұйымдар үшін:
 Құрғақ кірді еденнен сору үшін екі қылтарақ
жолағымен ендірмені сору шүмегіне салыңыз.
 Суды еденнен сору үшін екі резеңке губкасымен
ендірмені сору шүмегіне салыңыз.
Адаптер
Сурет
 Сорғыту шлангісін электрлік құралға қосуға
арналған.
 Қажет болғанда адаптерді электрлік құралдар
контактілерінің диаметріне бейімдеуге болады.
Қолдану
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ылғалды не құрғақ тазалау кезінде, əрқашан
кірістірілген патрон сүзгісімен жұмыс істеңіз!
Іске қосу алдында
Сурет
 Іске қосу алдында бұйымның бос қосалқы
бөліктерін орнатыңыз.
Бұйымды іске қосу
Сурет
 Керек-жарақтарды жалғаңыз.
Сурет
 Желі ашасын енгізіңіз.
Сурет
 Бұйымды қосыңыз.
Құрғақ тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сүзгіні қолданбас бұрын зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз жəне қажет болса, ауыстырыңыз.
Тек құрғақ патрон сүзгісімен жұмыс істеңіз!
Сурет
 Кеңес: Жұқа шаңды сору үшін сүзгіш қапты
орнатыңыз.
Сүзгіш қап бойынша нұсқау
Сүзгіш қаптың толу деңгейі сорылған кірге
байланысты.
Жұқа шаң, құм жəне т.б. үшін сүзгіш қапты жиі
ауыстырыңыз.
Қатты толған сүзгіш қап жарылуы мүмкін,
сондықтан сүзгіш қапты уақытында
ауыстырыңыз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Суық күлді тек алдын ала бөлгішпен сорыңыз.
Тапсырыс №. Негізгі нұсқасы: 2.863-139.0, Premium
нұсқасы: 2.863-161.0.
Ылғалды тазалау
 Мысалы, ылғалды сору үшін тиісті сору
шүмегінің ендірмесін анықтаңыз жəне тиісті
керек-жарақтарды жалғаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сүзгіш қапты қолданбаңыз!
Нұсқау: Егер сауыт толған болса, қалтқы кіріс
саңылауды жауып, бұйым жоғары жылдамдықпен
жұмыс істейді. Бұйымды дереу өшіріңіз жəне
сауытты босатыңыз.
Электрлік құралдармен жұмыс істеу
Сурет
 Қажет болғанда адаптерді электрлік құралдар
контактілерінің диаметріне бейімдеуге болады.
 Адаптерді сорғыту шлангісінің тұтқасына
орнатыңыз жəне электрлік құралдың
контактісіне жалғаңыз.
Электрлік құралдың электр ашасын сорғышқа
жалғаңыз.
Сурет
 Сорғышты II күйге қосыңыз жəне жұмысты
бастаңыз.
Нұсқау: Электрлік құрал қосылғанда, сорғыш
турбина 0,5 секунд ішінде баяу жұмыс істейді.
Электрлік құрал өшірілгенде, сорғыш турбина
сорғыту шлангісіндегі қалған кірді сору үшін
шамамен 5 секунд ішінде жұмыс істеп тұрады.
Үрлеу функциясы
Қол жеткізу қиын немесе сору мүмкін емес жерлерді
тазалау, мысалы, қиыршық тас торы.
Сурет
 Сорғыту шлангісі үрлеу адаптеріне енгізілген,
үрлеу функциясы белсенді.
Бұйымның жұмыс істеуін уақытша тоқтату
 Бұйымды істен шығарыңыз.
Сурет
 Еден сору шүмегін тұрақ күйіне орнатыңыз.
Жұмысты аяқтау
 Бұйымды өшіріп, ашаны тоқтан шығарып
алыңыз.
Сауытты босату
Сурет
 Бұйым жапқышын алып тастаңыз жəне сауытты
босатыңыз.
Бұйымды сақтау
Сурет
 Қуат сымы мен керек-жарақтарды бұйымда
сақтаңыз. Бұйымды құрғақ шарттарда сақтаңыз.
– 9
KK
149

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Wd 3 premiumWd 3 pWd 3 p premium