Philips CompactCare GC6500 SERIES User Manual page 57

Hide thumbs Also See for CompactCare GC6500 SERIES:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
56
ҚазаҚша
Ескерту.
-
Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
-
Қуат сымы мен бу жеткізу шлангісінің зақымдалмағанын жиі тексеріп тұрыңыз.
-
Үтік пен бу ыдысын тек тұрақты, тегіс әрі көлденең бетке қойып қолданыңыз.
-
Үтіктің қондырмасы мен табаны қатты қызып, қол тигізгенде күйдіруі мүмкін. Бу ыдысын
жылжытқанда қондырмаға қол тигізбеңіз.
-
Үтіктеп болғанда, құрылғыны тазалаған кезде, бу ыдысын толтырғанда немесе босатқанда,
сондай-ақ, үтікті аз уақытқа болса да қараусыз қалдырғанда, үтікті қондырмаға қойыңыз,
қосқышты «О» күйіне орнатып, штепсельдік ұшты розеткадан ажыратыңыз.
-
«Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауындағы нұсқауларға сәйкес бу ыдысын
тұрақты түрде тазалап тұрыңыз.
-
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Бірінші рет қолданар алдында
1
Үтіктің табанындағы кез келген жапсырманы немесе қорғау қабатын алып тастап, үтіктің
табанын жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
2
Ток сымы мен бу беру шлангісін толығымен жазып алыңыз.
3
Бу ыдысын тұрақты әрі тегіс бетке орналастырыңыз.
4
Үтікті қондырмаға қойыңыз.
Пайдалануға дайындау
Бу ыдысын толтыру
Бу ыдысын суға салушы болмаңыз.
Үтік пен бу ыдысы ыстық болғанда бу ыдысының қақпағын ашпаңыз.
1
Штепсельдік ұшты розеткадан ажыратыңыз.
2
Бу ыдысының қақпағын ақырын бұрап ашыңыз (Cурет 2).
Қақпақты алған кезде, дыбыс естілуі мүмкін. Бұл дыбыс бу ыдысының ішіндегі вакуумға
немесе қалдық қысымға байланысты шығады және қалыпты жағдай болып есептеледі.
3
Бу ыдысына су құйыңыз (ең көбі 800 мл) (Cурет 3).
Ыдысқа ағынды суды құйыңыз.
Тұратын жеріңіздегі ағынды судың қаттылығы өте жоғары болса, жартылай дистильденген су
мен жартылай ағынды суды құйғаныңыз жөн.
Бу ыдысына иіс суды, сірке суын құймаңыз, крахмалды, қақ кетіргіш заттарды, үтіктеуді
жеңілдететін заттарды немесе басқа химиялық заттарды салмаңыз.
4
Бу ыдысының қақпағын бу ыдысының тесігіне мықтап бұрап жабыңыз.
Жылдам толтыру
Бу ыдысы үтіктеу барысында босап қалса, оны жылдам толтыру үшін, төмендегі процедураны
орындаңыз.
1
Құрылғы розеткаға қосылып тұруы, ал қосқыш «I» күйінде болуы тиіс (Cурет 4).

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents