Құрылғының бағдарламалық
құралын жаңарту
LG құрылғысының бағдарламалық құралын
Интернеттен жаңарту
Бұл функцияны пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін
http://www.lg.com/common/index.jsp
тілді таңдаңыз.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, құрылғының
микробағдарламасын қызмет көрсету орталығына бармастан,
ыңғайлы түрде интернет арқылы ең соңғы нұсқасына
жаңартуға болады. Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ
микробағдарлама нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол
жетімді болады.
Құрылғының микробағдарламасын жаңарту кезінде
пайдаланушының толық назары қажет болатындықтан,
жалғастырмас бұрын, әр қадамда пайда болатын нұсқаулар мен
ескертпелерді тексеріңіз. Жаңарту кезінде USB деректер кабелін
алу құрылғыны қатты зақымдауы мүмкін екенін ескеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ
LG компаниясы микробағдарлама жаңартуларын өз қалауы
•
бойынша тек таңдаулы үлгілерге қол жетімді ету құқығын өзінде
қалдырады және микробағдарламаның ең соңғы нұсқасы
телефондардың барлық үлгілері үшін қол жетімді болатынына
кепілдік бермейді.
LG құрылғысының бағдарламалық құралын
сымсыз (OTA) стандарты арқылы жаңарту
Бұл мүмкіндік құрылғының микробағдарламасын OTA арқылы,
USB деректер кабелімен қосусыз ыңғайлы жаңартуға
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ
микробағдарлама нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол
жетімді болады.
Қосымша
сайтына кіріп, елді және
92