Телефонның Бағдарламалық Құралын Жаңарту - LG -D285 User Manual

Hide thumbs Also See for LG-D285:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 293
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын интернеттен жаңарту
Бұл функцияны пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін http://www.lg.com/common/index.jsp
сайтына кіріп, елді және тілді таңдаңыз.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, телефонның микробағдарламасын қызмет көрсету орталығына
бармастан, ыңғайлы түрде интернет арқылы ең соңғы нұсқасына жаңартуға болады. Бұл мүмкіндік
LG құрылғыңыз үшін жаңарақ микробағдарлама нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол жетімді
болады.
Ұялы телефонның микробағдарламасын жаңарту кезінде пайдаланушының толық назары қажет
болатындықтан, жалғастырмас бұрын, әр қадамда пайда болатын нұсқаулар мен ескертпелерді
тексеріңіз. Жаңарту кезінде USB деректер кабелін алу ұялы телефонды қатты зақымдауы мүмкін
екенін ескеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ. LG компаниясы бағдарламалық құрал жаңартуларын өз қалауы
бойынша тек таңдаулы үлгілерге қол жетімді ету құқығын өзінде қалдырады және
бағдарламалық құралдың ең соңғы нұсқасы телефондардың барлық үлгілері үшін
қол жетімді болатынына кепілдік бермейді.
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын OTA (сымсыз тасымалдау) стандарты
арқылы жаңарту
Бұл мүмкіндік телефонның микробағдарламасын OTA арқылы, USB деректер кабелімен қосусыз
ыңғайлы жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ микробағдарлама
нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол жетімді болады.
Алдымен ұялы телефондағы бағдарламалық құрал нұсқасын тексеру керек: Параметрлер > Жалпы
қойындысы > Телефон ақпараты > Ортақ қойындысын Жаңарту орталығы > Бағдарламалық
құралды жаңарту > Жаңартуды қазір тексеру.
ЕСКЕРТПЕ: жеке деректеріңіз—соның ішінде Google есептік жазбаңыз бен
барлық басқа есептік жазбаларыңыз туралы ақпарат, жүйе/қолданба деректері
мен параметрлері, барлық жүктеп алынған қолданбалар және DRM лицензияңыз
—телефонның бағдарламалық құралын жаңарту процесі кезінде жоғалуы мүмкін.
Сондықтан, LG компаниясы телефонның микробағдарламасын жаңартпастан
бұрын жеке деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұсынады. LG компаниясы
жеке деректердің жоғалуына жауапты болмайды.
84

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents