Philips HD4469 User Manual page 43

Hide thumbs Also See for HD4469:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
11
Тамақтың келесі топтамасын грильдеу үшін, табақшалардағы артық майды ас үй
қағазымен сүртіп алыңыз.
12
Тағамды гриль табағына немесе табақтарына салмас бұрын, «пісіруге дайын» жасыл
шамы жанғанша (тек HD4408/HD4469 үлгілерінде) немесе температура шамы өшкенше
(тек HD4407/HD4467 үлгілерінде) күтіңіз.
Таймер (тек HD4408/HD4469 үлгілерінде)
Таймер грильдеу уақыты аяқталғанын білдіреді, бірақ құралды СӨНДІРМЕЙДІ.
Ескертпе: Грильді таймерін қоймай қолдануға да болады.
1
Грильдеу уақытын минут бойынша орнату үшін, таймер түймесін басыңыз. (Cурет 14)
Орнатылған уақыт дисплейде көрінеді.
,
2
Минуттерді алдыға қарай жылдам айналдыру үшін, түймені басып тұрыңыз. Керекті
грильдеу уақытына жеткенде, түймені жіберіңіз.
Орнатуға болатын ең ұзақ уақыт 99 минут.
Грильдеу уақытты орнатылған соң үш секундтан кейін, таймер уақытты кері қарай санай
,
бастайды.
Таймер уақытты кері қарай санай бастағаннан кейін, қалған уақыт дисплейде
,
жыпылықтап тұрады. Соңғы минуттер секундпен көрсетіледі.
Ескертпе: Орнатылған таймер уақытын «00» көрсетілгенше таймер түймесін 3 секунд басып
тұру (сол кезде уақыт жыпылықтайды) арқылы өшіруге болады.
3
Алдын ала қойылған уақыт өткенде, құралдан дыбысты сигнал шығады. 10 секундтан
кейін сигнал қайталанады. Сигналды таймер түймесін басу арқылы өшіріңіз.
грильдеу уақыты
Осы кітапшаның басында гриль құралымен дайындауға болатын тағамдар және ингредиенттер
кестесі бар. Кестеде қажетті температура, грильдеу уақыты мен гриль позициясына
байланысты нұсқаулар берілген. Көрсетілген уақытқа құралды қыздыруға кететін
уақыт кірмейді.
Грильдеу уақыты мен температурасы әдетте жасалатын тамақ түріне (мысалы, ет түріне), оның
қалыңдығына, бастапқы температурасына және дайындаушы қалауына байланысты. Гриль
құралының өзінде жазылған нұсқауларды да қараңыз.
кеңестер
-
Грильде пісірілетін тағамға (гриль табақтарына емес) сәл сары немесе сұйық май жағыңыз.
Бұл артық сары немесе сұйық майды күйіп кетуден сақтайды.
-
Гриль нан ұнтақтарымен қапталған тағамдарды дайындау үшін жарамсыз.
-
Әдетте, шұжықтар қақталу кезінде жарылады. Оны болдырмас үшін, оның бірнеше жерінен
шанышқымен тесіп қойыңыз.
-
Керемет нәтижеге қол жеткізу үшін, қолданып жатқан ет бөлшектері тым қалың болмауы
керек (шамамен 1,5 см).
-
Мұздатылған немесе мұзы ерітілген етке қарағанда, жаңа етті қақтау жақсырақ нәтиже
береді.
-
Сатай, тауық, шошқа немесе бұзау етін дайындау үшін, етті алдымен жоғары температурада
кептіріп алыңыз (5 позициясы). Содан кейін температураны бір позицияға төмендетіп,
тамақ дайын болғанша пісіріңіз.
-
Мұздатылған тағамды еріту үшін, құралды пеш түріндегі гриль позициясына қойып, тағамды
фольга қағазына ораңыз. Температураны 1 немесе 2 позициясына апарыңыз. Еріту уақыты
тағамның салмағына байланысты.
ҚазаҚша
43

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hd4467Hd4408Hd4407

Table of Contents