Philips SC1982 User Manual page 15

Hide thumbs Also See for SC1982:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Өңдеуден кейін күн көзіне шығару немесе
жасанды теріні күйдіру
- Өңдеуден кейін, теріні күн көзіне шығарардан
немесе теріні жасанды күйдіруден бұрын 48 сағат
күтіңіз. Теріңізді SPF30 не одан кейінгі күн сәулесінен
қорғайтын креммен бүкіл түк кетіру кезеңінде және
соңғы өңдеуден кейін кемінде 2 апта қорғаңыз.
Егер теріні күйдіру үшін жасанды күйдіру лосьонын
пайдалансаңыз, келесі өңдеуді бастардан бұрын бұл
жасанды күюдің кетуін күтіңіз.
Ықтимал жанама әсерлер
Егер сіз Philips Lumea Comfort құрылғысын нұсқауларға
сәйкес пайдалансаңыз, жанама әсерлер қаупі азаяды.
Пайда болуы мүмкін әсерлер туралы толығырақ білу
үшін төмендегі бөлімдерді оқып шығыңыз.
Жалпы жанама әсерлер
- Теріңіз аздап қызаруы және/немесе шымшылағандай
болуы немесе жылуды сезінуі мүмкін. Бұл реакция
мүлдем зиянсыз және жылдам кетіп қалады.
- Күннен күю сияқты тері реакциясы түк алынған
аумақта аз уақытқа орын алуы мүмкін. Егер ол 3 күннің
ішінде кетпесе, дәрігерге қаралуға кеңес береміз.
- Қырынуға немесе қырыну және жарықпен өңдеуге
байланысты құрғақ тері және қышу пайда болуы
мүмкін. Бұл зиянсыз және бірнеше күннің ішінде
кетеді. Дене бөлігін мұзбен немесе дымқыл
орамалмен салқындатуға болады. Егер құрғақтық
кетпесе, өңдеуден кейін теріге 24 сағат хош иіссіз
ылғалдандырғыш кремді қолдануға болады.
Сирек кездесетін жанама әсерлер
- Күю, қатты қызару және ісу сирек орын алады және
әдетте теріңіздің түсіне тым жоғары болатын
қарқындылық деңгейін пайдалану нәтижесі болып
табылады. Егер бұл реакциялар 3 күннің ішінде
кетпесе, дәрігерге көрінуге кеңес береміз. Тері
толығымен жазылғанша келесі өңдеуді кейінге
қалдырыңыз және төменірек қарқындылық деңгейін
пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚША
15

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sc1981

Table of Contents