Орнату; Кептіргіш Орнатылатын Орын; Желдету - Indesit IDV 75 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for IDV 75:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Орнату
Кептіргіш орнатылатын орын
KZ
• Кептіргішті газ
плиталарынан,
пештерден,
батареялардан
немесе тамақ пісіру
панельдерінен аулақ
жерге орнатыңыз,
себебі жалын оны
зақымдауы мүмкін.
Кептіргіш үстелдің
үстіңгі тақтайының астына орнатылатын
болса, кептіргіш үстіңгі панелімен
одан жоғары орналасқан кез келген
нысандар арасында 10 мм аралық және
құрылғының бүйірлері мен қабырғалар
немесе жиһаздар арасында 15 мм аралық
болатынын қамтамасыз етіңіз. Бұл тиісті ауа
айналымының болуын қамтамасыз етеді.
• Кептіргіш орнатылған бөлме дымқыл
емес екеніне және тиісті вентиляция
бар екеніне көз жеткізу қажет.
• ! Кептіргішті шкаф ішіне орнату жөн
емес, алайда оны құлыпталатын
есік, сырғыйтын есік немесе топсасы
кептіргіш есігінің топсасына қарама-
қарсы жақта орналасқан есік артына
ешқашан орнатуға болмайды.
• ! Құрылғыны артын қабырғаға тигізіп
орнату керек.
Желдету
Бұл құрылғы салқын, таза және салыстырмалы түрде
құрғақ ауаны ішіне сорып, оны қыздырып, мата арқылы
өткізіп кірлерді абайлап кептіреді. Кептіру үдерісін
жеңілдету үшін ылғал ауа желдету түтігі арқылы артқы
жақтан шығарылады. Кептіргіш пайдаланылған кезде
басқа отынды жағатын құрылғылардан, оның ішінде
каминнен, газдар бөлмеге кері тартылмауы үшін тиісті
желдету болуы тиіс.
Жылжымалы желдету жүйесі
Кептіргішті жылжымалы желдету жүйесімен қолданған
кезде, желдету түтігі қосылуы тиіс. Түтік құрылғының
артындағы желдету тесігіне мықтап бекітілуі керек
(«Кептіргіш сипаттамасы» тарауын қараңыз). Мүмкін
болса, түтікті кептіргішке жақын шығыс тесігіне жалғаған
абзал. Тұрақты бір жерге орнату мүмкін болмаса,
желдету түтігін жартылай ашылған терезе арқылы
шығарып қойып, кептіргішті пайдалануға болады.
! Желдету түтігі құрылғының артқы жағында орналасқан
ауаның кіріс саңылауына бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
! Желдету түтігінің ұзындығы 2,4 метрден аспауы
тиіс; ішіндегі кез келген түйіршік, шаң немесе су
қалдықтарын шығару үшін оны жиі сілкілеп отыру керек.
Түтікті қысып тастамаңыз.
62
15 mm
15 mm
15 mm
15 mm
Тұрақты желдету жүйесі
Желдету түтігін құрылғыны сатқан сатушыдан немесе
жергілікті қосалқы бөлшектер қоймасынан алуға
болатын терезелерге немесе есіктерге арналған
желдету жүйесіне қосуды ұсынамыз.
Қабырғадағы желдету тесігі
1. Кептіргіш орнатылатын
B
жердің сол жағынан
қабырғада саңылау
қалдырыңыз.
2. Ылғал конденсацияланып,
құрылғыға кері ағып кетуіне
жол бермеу үшін түтікті
мүмкін болғанша қысқа және
A
түзу қылыңыз.
3. Қабырғадағы тесік те
түзу әрі төмен қарауы тиіс,
солайша шығатын ауа ағыны бөгеттелмейді.
Түйіршіктер немесе қалдықтар жиналмауы үшін, әсіресе
кептіргіш өте жиі қолданылса, А және В аумақтарын жиі
тексеріп отыру қажет. Ылғал ауа бөлмеге кері кірмеуі
үшін түтік адаптерін дұрыс орнату керек.
Терезедегі желдету тесігі
Түтікті мүмкін болғанша
қысқа жасау үшін желдету
тесігі кептіргіштің дәл
артында болуы тиіс.
! Кептіргішті тым артқа
итеріп жібермеңіз, себебі бұл
желдету түтігінің қысылуына,
майысуына немесе тіпті
ағытылуына әкелуі мүмкін.
! Түтікте ешқандай қиылыстар,
түйіндер немесе «U» тәріздес
майысулар болмауы керек, өйткені олар желдетуді
қиындатуы немесе конденсация жинауы мүмкін.
Ашық терезе арқылы желдету
Ыстық әрі ылғал ауа
бөлмеде немесе кептіргіште
конденсация түзбеуі үшін
түтіктің шеті төмен қарауы
тиіс.
! Кептіргіш тиісті түрде желдетілетініне және желдету
түтігінің шеті құрылғының артқы жағындағы ауаның кіріс
түтігіне қарап тұрмағанына көз жеткізіңіз.
! Оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету үшін желдету
түтігі әрдайым бекітілген болуы керек.
! Желдету түтігі мен ауаның кіріс саңылаулары
жабылмағанына көз жеткізіңіз.
! Кептіргішке шығаратын ауаны қайта айналдыруға
мүмкіндік бермеңіз.
! Кептіргішті дұрыс қолданбау өрт шығу қаупіне әкелуі
мүмкін.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Idc 75

Table of Contents