Bosch GSB 19-2 RE Original Instructions Manual page 121

Hide thumbs Also See for GSB 19-2 RE:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
OBJ_BUCH-824-005.book Page 121 Thursday, May 22, 2014 9:41 AM
Берілістің механикалы таңдалуы
 Беріліс ауыстырып-қосқышын 7 электр құрал жай
істеп тұрғанда пайдалануға болады. Бірақ оны
тоқтап тұрғанда, толық жүктелу немесе
максималды айналымдар санында орындау мүмкін
емес.
Беріліс ауыстырып-қосқышынында 7 2 айналымдар
сандарының көлемін таңдау мүмкін.
Беріліс I:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау
диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу
үшін.
Беріліс II:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы 7 тірелгенше бұралмаса,
редуктор шпинделін бұрғыменен айналдырыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 6 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 6 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 4 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 6 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 4 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 6 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Қорғауыш жалғастырғыш
Жоғары реакциялық моменттерді шектеу үшін электр
құрал артық жүктеме ажыратқышымен (анти-ротациялық)
жабдықталған.
 Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында
пайда болатын күштер себебінен электр құралын
екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
 Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті 6 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын
біртіндеп реттеуге болады.
Қосқыш/өшіргішке 6 жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Айналымдар санын/қағулар санын таңдау
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші 5 арқылы қажетті
айналымдар санын/қағулар санын жұмыс істеу кезінде
реттеуге болады.
Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын
материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты
тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Bosch Power Tools
Пайдалану нұсқаулары
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.
Ұсыныстар
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.
Плиткаларды бұрғылау үшін ауыстырып-қосқышты 2
„Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз. Плитканы тесіп өткеннен
соң аустырып-аустырып қосышты „перфоратормен
бұрағылау" белгісіне өткізіп соққымен істеңіз.
Бетон, тас және құрылыста қатты метал бұрғысын
пайдаланыңыз.
Металда тесіктер жасау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Тиісті сапаға Bosch керек-жарақтары
бағдарламасы кепілдік береді.
Бұрғы өткірлеу құралымен (жабдық) 2,5–10 мм
диаметрлік спиральды бұрғыны өткірлеу мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің
төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды тек Bosch
немесе Bosch электр құралдарының авторизацияланған
клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қaзақша | 121
1 609 92A 0NH | (22.5.14)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gsb 780

Table of Contents